Өзіңе ақын бар ма сырды ашпаған,
Өзіңмен жақын бар ма сырласпаған? Өзіңде елдік тойы тойланды ғой, Тарихтың тамырымен құрдас қалам!
Ұл-қызың өскен мұнда тізіп арман, Көркіңе есі кетіп, қызығар жан. Қарахан, Айша бибі ана менен, Бауыржан батырлардың ізі қалған.
Туған жер десе ылғи тік тұрармын, Тарихын өлеңіммен ұқтырармын. Бұл Тараз Жақсылық пен Ермахандай, Отаны ел деп туған мықтылардың! Елміз ғой Жаратқанның нұры қонған, Талай-талай зұлматтан тірі қалған. Қош енді, рухты асырған қойдың жылы, Ел үшін мерекелер жылы болған.
Қош келдің, Жаңа жылым, жаңа арманым, Еліме батпандай боп бақ орнағын. Жеріме құт әкелші, мешін жылы, Көрейік жаңа әлемнің жаңарғанын.
Жеткен соң аңсаттырып, сағындырып, Жаңа жылда жаңадан жағылды үміт. Оғландар Олимпиада ойынынан, Оралсын алтын алып, бағындырып!
Ақынға бұйырғаны ойлау ғана, Өлең ғой жазарымыз жайлауда да. Тәңірім Тәуелсіздік тойын да енді, Жазсыншы ұлан-асыр тойлауға да!
Қазақтың рухы асқақ, анық дерсің, Әлемде өз соқпағын салып көрсін. Мереке-берекелі мешін жылы, Әр үйге тек қуаныш алып келсін!
Асхат Қылышбек, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




