2015 жыл облыста іргелі жобалардың жүзеге асуымен де есте қалады. Сондай бірегей жобаның бірі – «Бурное-Солар-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылдық округі аумағындағы күн электр стансасы. Аймақтың Индустрияландыру картасына енгізілген құны 23 миллиард 650,4 миллион теңге болатын Орта Азиядағы ең ірі жобаның бірі шілде айында іске қосылды. 50 мегаватт қуат өндіретін күн электр стансасын Еурапалық банктер кеңейту әрі қайта жарақтандыру арқылы қуаттылығын 100 мегаватқа жеткізу үшін қаржы қарастыруда.
Күн сәулесі арқылы өндірілген қуаттың бағасы көмір, газ және мазут отындарымен салыстырғанда бірнеше есе арзан. Станса құрылысына жұмсалған қаржы он жылдан кейін толық қайтады деп күтілуде. Стансаның өнімі жалпы қазақстандық электр жүйесіне қосылып, біршама жылдан кейін аймақта қуат бағасының әжептәуір арзандауына әсер етеді. Толық қуатында жұмыс істегенде облыстың энергияға деген қажеттілігінің жартысына жуығын өтейді. «ЭКСПО-2017» көрмесіне алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін қонақтар күн электр стансасының жұмысымен де танысатын болады.
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол».
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




