Ғасырдың ғаламат құрылысы аталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы Президенттің тікелей бастамасымен қолға алынғаны белгілі. Еуропа мен Азияны жалғаған «Ғасыр жобасының» біздің облыс аумағынан өтетін құрылысы биыл толық аяқталды. Нәтижесінде 495 шақырым жол жаңарып, сапасы артты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы бойынша «Қытай – Қазақстан», «Қытай – Орталық Азия» және «Қытай – Ресей – Батыс Еуропа» бағытында жүк тасымалы қамтамасыз етіледі. Автобанның ел аумағынан өтетін жолының ұзындығы 2787 шақырымды құрайды. Жобаны жүзеге асыруға халықаралық қаржы институттарынан 1 миллиард 162 миллион АҚШ доллары қарастырылған. Облысымыз бойынша жүзеге асқан жобаны «Азиялық даму банкі», «Исламдық даму» банкі, Жапонияның «Джайко» агенттігі қаржыландырды. Облысымыз үшін «Тараз қаласын айналып өтетін айналма жол» құрылысының аяқталуы өте маңызды оқиғалардың бірі болды. Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылының жанынан өтіп, Шымкент қаласымен екі араны жалғайтын жаңа жол жүргіншілерге зор қуаныш сыйлады. Бұл құрылыс 65,1 шақырымды құрады. Жолдың сапалы жүргізілуіне 17,7 миллиард теңге қаражат жұмсалды. Құрылысты кореялық «КСС Инжиниринг Констакшн» компаниясының филиалы жүргізді. 2 мың 500 адам жұмысқа тартылды. Олардың көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Мұнда төрт көліктік жол айрығы, сегіз көпір мен өткелдер, 123 су өткізу құбыры салынды. Жол талапқа сай болды. Құрылыстың жоба жетекшісі – «КСС Инжиниринг Констакшн» компаниясының өкілі Чо Донг Чо. Қазіргі таңда бұл жолдармен тәулігіне жүздеген көлік ағылып, автобанның игілігін көруде.
Қайрат Кәрібаев, «Қазавтожол» акционерлік қоғамы облыстық филиалының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді