Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек
ашық дереккөз
Дерек пен дәйек
Жыл басынан бері жалпы өңірлік өнім көлемі 3,3 есе өсіп, 1 триллион теңгеге жетті. * * * Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,8 есеге өсіп, 279,3 миллиард теңгені құрады. * * * Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,9 есеге өсіп, 203,5 миллиард теңге болды. * * * Өнеркәсіптегі жұмыспен қамту 1,1 есеге өсіп, 76,5 мың адамға жетті. * * * Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте 242, 6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. * * * Тұрғын үйлер құрылысы 21,3 пайызға артты. * * * Облыста шетелдік инвесторларды тарту арқылы жалпы құны 3,2 миллиард долларды құрайтын 15 меморандум мен келісімдер жасалды. * * * Бүгінде жалпы құны 3,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жоба іске қосылуға дайын. * * * «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстағы өндіріс көлемінің 27 пайызын, республикадағы химия өнімдерінің 40 пайызын өндіруде. * * * Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен қытай компанияларымен Жамбыл және Павлодар өңірлерінде салынатын, құны 2,3 миллиард долларды құрайтын титан-магний кенін өндіретін тау-кен өндіру кешені және зауытының құрылысы бойынша 4 жақты меморандумға қол қойылды. * * * «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының алғашқы бесжылдығында облыста 123,3 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба іске қосылды. Бұл кәсіпорындар 143 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. * * * Облыста «Жасыл экономика» бойынша жаңартылмалы энергия көздерінен жалпы қуаты 78 МВт энергия өндіретін 8 жоба іске қосылған. * * * Облыста 75 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл сала 119 миллиард теңгенің өнімін өндірді. * * * Тараз қаласында ашық аспан астындағы «Көне Тараз» археологиялық паркі және музейі ашылды. * * * Тараз қаласындағы әуежайдың құрылысы толық аяқталды. * * * Ауыл шаруашылығы бағытында жалпы көлемі 16,3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. * * * Облыста әр гектарынан орташа өнім 16 центнерден айналып, 386 мың тонна астық бастырылды. * * * Биыл мүйізді ірі қара саны – 1,1 пайызға, қой – 1,7 пайызға, жылқы – 2,1 пайызға, түйе – 3,4 пайызға, шошқа 10,4 пайызға артқан. * * * «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облысқа Ұлттық қордан 25 жобаға 4,3 миллиард теңге бөлінді. * * * Биыл 270 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 712 пәтер пайдалануға берілді. * * * Облыста 1574 көп пәтерлі тұрғын үйдің 194-і жөндеуден өтті. * * * Биыл облыстағы 377 елді мекеннің 150-і газдандырылып, облыс тұрғындарының 65 пайызы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілді. * * * «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 6 нысан пайдалануға берілді. * * * Облыс бойынша 5 шақырым автожолға күрделі, 316 шақырым автожол орташа, 7 жасанды ғимарат орташа жөндеуден өтті. * * * Биылғы 11 айда 25 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді. * * * «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен 6683 адам қамтылды. * * * Ағымдағы жылы 9 мектеп пайдалануға берілді. * * * 9 балабақша құрылысы аяқталып, төртеуі жалғасуда. * * * «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылатын ана өлімін 79 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.

Ұқсас жаңалықтар