Дерек пен дәйек
Жыл басынан бері жалпы өңірлік өнім көлемі 3,3 есе өсіп, 1 триллион теңгеге жетті.
* * *
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,8 есеге өсіп, 279,3 миллиард теңгені құрады.
* * *
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1,9 есеге өсіп, 203,5 миллиард теңге болды.
* * *
Өнеркәсіптегі жұмыспен қамту 1,1 есеге өсіп, 76,5 мың адамға жетті.
* * *
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіпте 242, 6 миллиард теңгенің өнімі өндірілді.
* * *
Тұрғын үйлер құрылысы 21,3 пайызға артты.
* * *
Облыста шетелдік инвесторларды тарту арқылы жалпы құны 3,2 миллиард долларды құрайтын 15 меморандум мен келісімдер жасалды.
* * *
Бүгінде жалпы құны 3,1 миллиард АҚШ долларын құрайтын 14 инвестициялық жоба іске қосылуға дайын.
* * *
«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстағы өндіріс көлемінің 27 пайызын, республикадағы химия өнімдерінің 40 пайызын өндіруде.
* * *
Премьер-Министр Кәрім Мәсімовпен қытай компанияларымен Жамбыл және Павлодар өңірлерінде салынатын, құны 2,3 миллиард долларды құрайтын титан-магний кенін өндіретін тау-кен өндіру кешені және зауытының құрылысы бойынша 4 жақты меморандумға қол қойылды.
* * *
«Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының алғашқы бесжылдығында облыста 123,3 миллиард теңгені құрайтын 33 жоба іске қосылды. Бұл кәсіпорындар 143 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.
* * *
Облыста «Жасыл экономика» бойынша жаңартылмалы энергия көздерінен жалпы қуаты 78 МВт энергия өндіретін 8 жоба іске қосылған.
* * *
Облыста 75 мың шағын және орта бизнес субъектісі бар. Бұл сала 119 миллиард теңгенің өнімін өндірді.
* * *
Тараз қаласында ашық аспан астындағы «Көне Тараз» археологиялық паркі және музейі ашылды.
* * *
Тараз қаласындағы әуежайдың құрылысы толық аяқталды.
* * *
Ауыл шаруашылығы бағытында жалпы көлемі 16,3 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.
* * *
Облыста әр гектарынан орташа өнім 16 центнерден айналып, 386 мың тонна астық бастырылды.
* * *
Биыл мүйізді ірі қара саны – 1,1 пайызға, қой – 1,7 пайызға, жылқы – 2,1 пайызға, түйе – 3,4 пайызға, шошқа 10,4 пайызға артқан.
* * *
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында облысқа Ұлттық қордан 25 жобаға 4,3 миллиард теңге бөлінді.
* * *
Биыл 270 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 712 пәтер пайдалануға берілді.
* * *
Облыста 1574 көп пәтерлі тұрғын үйдің 194-і жөндеуден өтті.
* * *
Биыл облыстағы 377 елді мекеннің 150-і газдандырылып, облыс тұрғындарының 65 пайызы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілді.
* * *
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 6 нысан пайдалануға берілді.
* * *
Облыс бойынша 5 шақырым автожолға күрделі, 316 шақырым автожол орташа, 7 жасанды ғимарат орташа жөндеуден өтті.
* * *
Биылғы 11 айда 25 мыңға жуық адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді.
* * *
«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасымен 6683 адам қамтылды.
* * *
Ағымдағы жылы 9 мектеп пайдалануға берілді.
* * *
9 балабақша құрылысы аяқталып, төртеуі жалғасуда.
* * *
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының басты көрсеткіштерінің бірі болып табылатын ана өлімін 79 пайызға төмендетуге қол жеткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді