Алматының бір білгіші, (өзін білгішпін дейді бұл кісі) Дәм тартты ма, Әлде сондай тапсырма артты ма, Малшыларды аралап кепті. Бүгін бүк, шігін шік дегендей, Шопан жағдайын «саралап» кепті.
Аузы-басы қисаймай , Мынадай сын айтып отыр. – Шопандар – өте мешкей халық, Ет десе көшетін жерге көшпей қалып, Аспан құласа да жеп кетеді екен. Әр шопанға орта есеппен, Жылына он тонна ет кетеді екен. Дәлел: Бір үй бір қойды бір-ақ асады екен, Тояды да тыраң асады екен, Масқара ғой! Егер содан котлет жасаса, Алматыны тойдырар асхана ғой.
Міне, дүние осылай шашылып жатыр. Мәселен жаңағы қойда, Қырық мың шашлық жатыр. Сосын шопандар қырсық келеді екен, Бір айдалада жүрген қасқырмен, Айтпағанды айтып ұрысып келеді екен. Сөйте тұра өздері, Сондай қырсық халық. Біреуімен ұрысып қалып, Азар дегенде келістік.
Ал біз бұл сөзді олақтау дер ек, Жалпы мұндай «білгіштерді» Малды ауылға жолатпау керек.
Оспанхан Әубәкіров.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




