Ескі дөңгелектер бекер жатпасын деп...
Басқа-басқа, ескі дөңгелектен жасалынған жанажылдық «шыршаны» көреміз деп кім ойлаған?! Алматылық техника жөндеу орталығының мамандары Жаңа жыл қарсаңында мереке нышаны – шыршаны ескі дөңгелектерден орнатыпты. Несі бар? Көзге ерсі емес, қайта жасыл түске боялған баллондар жинақы, ерекше шыршаға айналғаны әдемі көрініп тұр. Дағдарыс кезіндегі қиындықта мұндай шырша орнату бір жағы көшеге сән берсе әрі қалтаға да онша жүк емес. Алматылықтардың бұл тапқырлықтары мереке аясында көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қызығушылықтарын оятуда.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




