Достар
Дос жанынан табыламыз Жылы шырай танытып. Келді өлкеге тағы да қыс, Жүрек құлпын ағытып.
Кім бар нағыз досқа жетер, Қиналған бір сәттерде. Туыс, бауырың болып кетер, Отын берер от кемде.
Достар, достар, серттен тайма, Болмасыншы өкпе енді. Құлпырайық қатар жайнап, Гүл сияқты көктемгі.
Достық деген – ұлы дастан, Мынау аппақ әлемде. Әр кезде де ұмытпастан Бір-біріңе сәлем де!
Маған аян болып нәсіп, Мұны бәрің қоштарың. Күн сияқты шуақ шашып, Жарқыраңдар, достарым!
Канал БЕРДЕНОВ, зейнеткер.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




