Қашықтықтан математикалық олимпиаданың мектебіміз базасында өткізілуі біз үшін айрықша қуанышты оқиға болды. Оған менің сыныбымнан да 10 оқушы қатысып, бақтарын сынап көруге бел буды. Нәтижесі жаман болған жоқ. Олжас Ағыбай – алтын, Аида Шындалина – күміс, Мақпал Дидар қола медаль алды. Даниал Қалтай, Алтынай Айтжанова, Айнұр Сағатова, Айханым Сағатова, Айя Шопанбек, Аружан Қоңыратбай, Дінмұхамед Нұрмаш байқауда айрықша белсенділік танытқандары үшін сертификаттармен марапатталды. Гимназиямыз – өңірдегі бүгінгі күннің талаптарына сай қызмет көрсететін білім ұяларының бірі. Ал ұстаздарымыз – өз істерінің кәсіби шеберлері, болашағы кемел білімді ұрпақ тәрбиелеуде тынымсыз еңбек етуде. Осындай ұстаздар алдынан білім алып, қанаттарын қатайтқан шәкірттерден болашақта еліміздің экономикасына зор үлес қосатын нағыз әмбебап мамандар шығатынына сенімдімін.
Анипа ШЫНЫБЕКОВА, Ш. Уәлиханов атындағы мектеп- гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Жаңатас қаласы, Сарысу ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




