«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«ЭКСПО – 2017: Тараз»

«ЭКСПО – 2017: Тараз»
ашық дереккөз
«ЭКСПО – 2017: Тараз»

жас зерттеушілердің «Мен өлкемді зерттеймін!» атты шығармашылық жоба жұмыстарының байқауы өтті

Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы тарихы тағылымға толы туған өлкеміз туралы аталмыш байқауды әр жылдарда «Туған өлкем – тұнған шежіре», «Бір шаңырақ астында», «Туған өлке мақтаныштары» секілді әртүрлі тақырыпта үзбей өткізумен келеді. Биыл бұл іс-шара «ЭКСПО–2017: Тараз» тақырыбы аясында ұйымдастырылған екен. Жеткіншек ұрпаққа елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан сандаған этностардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін, өнері мен мәдениетін қастерлеп, өзара бірлігін нығайту басты борышымыз екенін ұғындыру мақсатын көздеген байқауға негізінен 13 пен 17 жас аралығындағы бірнеше ондаған жас зерттеушілер өздерінің шығармашылық жобаларымен қатысып, бақтарын сынап көруге бел буыпты. Олардың арасынан іріктеліп алынған 12-сі жуықта өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғауға шақырылды. Үміткерлердің таңдаған тақырыбының ерекшелігі мен зерттеудің жүргізілу деңгейі қазылар алқасы тарапынан бірінші кезекте бағаланды. Сондай-ақ, олардың шығармашылық ізденісі, өздерінің жобаларына ел аузынан жинастырылған деректер қорын пайдалануы, зерттеу нысаны етіліп алынған мәселені тереңдеп талдауы, қосымша сұрақтарға берген жауаптары да ескерілген. Сонымен байқаудың бас жүлдесін №11 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сара Темірханова жеңіп алды. №48 мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрбек Бекмұратов – бірінші, №20 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Диана Сарыбай – екінші, №26 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аят Асқарбекұлы үшінші орындарды иеленді. №18 орта мектебінің 7-сынып оқушысы Маргарита Ни «Ең жас зерттеуші» аталымы бойынша марапатталды. Жеңімпаз және жүлдегер оқушылар тиісінше дипломдармен марапатталып, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, бу қазандығы, шырын сыққыш, электр шәйнек түріндегі заттай бағалы сыйлықтар алды. Шығармашылық жобалары­ның лайықты бағалануы жас зерттеушілерді жаңа жетістіктерге жігерлендіре түскені анық.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар