Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында іргесі қаланған Қаратаудағы 700 орындық Ұлбике ақын атындағы Мәдениет сарайы ағымдағы жөндеуден өткені болмаса, бастапқы келбетінен алшақтай бастаған еді.
Өнерін қолдаған ел озады. Ғимаратты қайта жаңғыртуға «Еурохим Тыңайтқыш» ЖШС 256 миллион теңге қаражат бөліп, демеушілік көрсетуінің арқасында мәдениет нысаны қайта түрленді. Құрылыс жұмыстарын көктемде қолға алған «Қаз Альфастрой» ЖШС уақытпен санаспай еңбек етіп, Мәдениет үйінің ғимаратын толықтай жаңғыртып шықты. Жаңаша сәулетпен есігін айқара ашқан орталықта салтанатты жиын өткізіліп, Талас ауданының әкімі Б.Рысмендиев сөз сөйлеп, жөндеу жұмысын сапалы жүргізген құрылысшыларға аудан және қала жұртшылығы атынан ризашылығын білдірді.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Наурыз айында 184 мың талапкер ҰБТ тапсыруға ниетті
- 27 ақпан, 2026
100 үздік колледж студенті анықталады
- 24 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




