Облыс бойынша қаржылық бақылау инспекциясы Қазақ хандығының 550 жыл құрылғанына орай бюджеттен бөлінген қаражаттардың, трансферттердің мақсатты пайдалануын, нақты орындалған жұмыстар көлемінің дұрыстығын және келісімшарттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуын, Қазақстан Республикасы бюджеттік және басқа да заңнамаларының сақталуын зерделеу үшін облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармалары мен Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыстарына бақылау жүргізді. Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жалпы сомасы 377508,4 мың теңгенің қаржылық кемшіліктері анықталды. Атап айтқанда, 34180,2 мың теңгеге құрылыс-монтаж жұмысының көлемі, 312409,6 мың теңгеге келісімнің мақсатты орындалмағаны, яғни бюджеттік қаражаттардың игерілмегені және 30918,6 мың теңгеге тауарлы-материалдық құндылықтардың және ұлттық костюмдердің кіріске алынбаған. Бақылау барысында анықталған бұзушылықтарды орнына келтіру үшін қолданылған шаралар нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылған жұмыстардың актісіне сәйкес орындалды, тауарлы-материалдық құндылықтар және ұлттық костюмдер кіріске алынып, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді. Сонымен қатар, игерілмейтін 312409,6 мың теңге көлеміндегі нысаналы трансферттер Мәдениет және спорт министрлігіне кері қайтарылды. Жалпы, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» №482 қаулысына және облыс әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы «2015 жылға арналған облыстық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы» №140 қаулысына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша бөлінген 2 091 919,0 мың теңге мақсатты трансферттер және жергілікті бюджеттен бөлінген 17399,7 мың теңге қаржының 1277011,7 мың теңгенің қалай игерілгенін саралау үшін тақырыптық бақылаулар жүргізілген болатын. Негізі осы қаражаттардың республикалық бюджеттен бөлінген 1259612,0 мың теңге мақсатты трансферттер және 17399,7 мың теңге қаржысы бұрынғы орталық базар аумағында «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының нысандарының құрылысы, этномәдени кешені, шолу мұнарасы, «Достық үйі» (тарихи-мәдени этноорталық), кіреберіс нысандарды салуға жұмсалуы тиіс еді. Атқарылған жұмыстарға жүргізілген өлшемдік бақылаудың нәтижесінде жалпы сомасы 1887,0 мың теңгенің жұмыстары жүргізілмегендігі анықталып отыр. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің, 97-бабы 5-6-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215- тармағы 6-тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 70-бабы 1- тармағының талаптары сақталмай, 1887,0 мың теңге көлеміндегі тиісті жұмыстар атқарылмаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 48-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай, 2015 жылы аяқталуға тиісті 312409,6 мың теңгенің жұмыстары орындалмайтыны, күтілген нәтижелерге қол жеткізілмейтіні және бөлінген қаржының игерілмейтіні анықталған. Бақылау барысында анықталған кемшіліктер толығымен қалпына келтірілді. Жіберілген кемшіліктері үшін құрылыс басқармасының бас маманы тәртіптік жазаға тартылды. Ал облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасындағы бақылаулар Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойына орай «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасына ғимараттарды күрделі жөндеу үшін бөлінген 364669,0 мың теңге мақсатты трансферттер және жергілікті бюджеттен бөлінген 161592,0 мың теңге, мерекелік іс-шараларға бөлінген 188000,0 мың теңге және «Қазақтар» спектаклінің қойылымына бөлінген 45000,0 мың теңге, барлығы 759261,0 мың теңге бюджеттік қаражаттардың 223000,0 мың теңгесінің мақсатты игерілгенін анықтау үшін жүргізілген еді. Қарсы бақылаулар нәтижесінде басқарманың «облыстық халық шығармашылығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнында 30468,6 мың теңгенің тауарлы-материалдық құндылықтарының кіріске алынбағаны және облыстық қазақ драма театрында 450,0 мың теңгенің 9 ұлттық киімдерінің кіріске алынбағаны анықталып, бақылау кезінде кіріске алынып, бухгалтерлік түзету жазбасы бойынша қалпына келтірілді. Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ескерткіш монументінің құрылысы және абаттандыруға «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасынан бөлінген 501782,0 мың теңге мақсатты трансферттердің жұмсалуына алдыңғы жүргізілген бақылауда 175656,5 мың теңгенің қалай игерілгені анықталды. Яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің, 97-бабы 5-6-тармағының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 215-тармағы 6-тармақшасының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 70-бабы 1-тармағының талаптары сақталмауынан атқарылған жұмыстарға жүргізілген өлшемдік бақылаумен жалпы сомасы 32293,2 мың теңгенің жұмыстары жүргізілмегендігі белгілі болды. Жіберілген кемшіліктері үшін құрылыс бөлімінің бас маманына сөгіс беріліп, тәртіптік жазаға тартылды. Бақылау барысында анықталған кемшіліктер толығымен қалпына келтірілді.
Қалтай Жігітеков, облыс бойынша қаржылық бақылау инспекцияның №2 бақылау бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді