Оңтайландырылған мемлекеттік қызмет
тұтынушыларға тиімді Жылжымайтын мүлік орталығының облыстық филиалы осы жылдың 11 айында тұтынушыларға міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша – 330, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру бойынша – 163, жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжатын беру бойынша – 12 728, жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжатының түпнұсқасын беру бойынша – 42, салық салу мақсатында жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша 217 801 мемлекеттік қызмет көрсетті. Қызмет көрсетуде жеделдікті арттыру арқылы аталған орталық жоспарды 175, 7 пайызға артығымен орындап отыр.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға оңтайландырылған жүйенің тигізер септігі көп екенін айта кетуіміз керек. Соның арқасында пәтерлерге техникалық төлқұжат екі күн ішінде берілсе, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру 20 минутта жүзеге асуда. Сондай-ақ, орталықта қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында сенім телефоны орнатылған.
Еліміздің дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі мен экономикамызды өркендетуге негіз болатын Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 94-қадамында «Ашық Үкіметті» енгізу атап көрсетілгені белгілі. Сондықтан, «Жылжымайтын мүлік орталығының» мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай провайдері болып табылатын «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясын құруға дайындықты қазірден бастау керек деп есептейді.
Мемлекеттік корпорация аясында алғашқы кезеңде халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу орталығы, жылжымайтын мүлік орталығы және жер кадастрының ғылыми-зерттеу орталығы біріктірілмек. Келер жылдың басында өз жұмысын бастауды жоспарлап отырған корпорация жұмысын үздіксіз жүргізу үшін орталық өз тарапынан ақпараттарды интеграциялауға толық дайын деуге болады. Сонымен қатар, заман талабына сай қызмет көрсету үшін мамандардың біліктілігін арттыруына баса мән беруде. Бұдан бөлек, Елбасымыздың алға қойған мақсаттары мен тапсырмаларын жүзеге асыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету орталық ұжымының кәсіби ұстанымына айналған.
Зейнел-Нәби Сұлтанбаев, «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының қоғам және мемлекеттік органдармен байланыс бойынша консультанты.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді