Мойынқұм
Жаңа жылдың алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзан бағамен сатылды. Облыс әкімдігінің тұрақтандыру қорынан 30 тонна картоп, 10 тонна қант, 9 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 10 тонна 1 сұрыпты ұн, 5 тоннна күріш сынды азық-түлік өнімдері әкелінді. Арзан бағадағы өнімдерді сатып алушылардың қарасы көп болды. Өйткені бұл өнімдердің бағасы аудан сауда орындарындағы бағадан әлдеқайда арзан. Мәселен аудандағы 1 келі картоптың бағасы – 75 теңге болса, жәрмеңкедегі бағасы – 40 теңге, 1 келі қант ауданда – 220 теңге, жәрмеңкеде – 175 теңге, 1 келі сәбіз – 98 теңге, жәрмеңкеде – 35 теңге, 1келі пияз – 60 теңге жәрмеңкеде – 30 теңге, 1 сұрыпты ұнның 1 келісі – 85 теңге, жәрмеңкеде – 76 теңге, 1 келі күріш – 228теңге болса, жәрмеңкеде – 160 теңгеден сатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді