Экономика
Табиғи байлық – Тәңір сыйы оны тиімді пайдалануға тиіспіз
- author «Ақ жол»
- 22 желтоқсан, 2015
- 263
Табиғи байлық – Тәңір сыйы оны тиімді пайдалануға тиіспіз
Елбасы жаңа Жолдауында 2016 жылдан бастап, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары шеңберінде қабылданған заңдар жұмыс істей бастайтынын айтты. Яғни бес халықтық реформада басым бағыттар жүзеге асырылады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 74-қадамында пайдалы қазбалар қоры жөнінде есеп берудің CRIRSCO халықаралық стандарттау жүйесін енгізу арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру көзделсе, 75-қадамда пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, келісімдер жасаудың оңтайландырылған әдісін енгізу керек екенін атап көрсеткені белгілі. Ұлт жоспарында көрсетілгендей, пайдалы қазбаларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін облысымызда 1 желтоқсанға дейін кең таралған пайдалы қазбалар бойынша 142 келісімшарт жасалса, оның 34-і республикалық маңызды нысандар қатарына жатқызылған. Кең таралған пайдалы қазбалар нысандары бойынша келісімшарт міндеттемелерінің орындалмауына байланысты жер қойнауын пайдаланушыларға оларды бұзу туралы хабарламалар жолданып, нәтижесінде 3-еуі бұзылса, 4-еуінің қолданылуын тоқтату бойынша құжаттары әзірлену үстінде.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов баспасөз брифингінде Елбасы тапсырмасының өңірімізде қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, «Ерекше авариялы су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелерді қалпына келтіру» бағдарламасы бойынша өңірімізде коммуналдық меншіктегі 36 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 104,4 миллион теңге бөлінсе, бүгінде оның 101,7 миллион теңгесі игерілген. Бүгінге дейін 36 нысанның 29-ы пайдалануға беріліп, 6 нысан бойынша қабылдау актісі толтырылыпты. 14 су қоймасы мен бөгеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
– Қазіргі уақытта облыстың коммуналдық меншігіндегі 177 су шаруашылығы жүйесін республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге Жамбыл ауданындағы 21 канал мен «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік су шаруашылығы кәсіпорны теңгеріміндегі су шаруашылығы нысандары «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізілді. Ал Шу ауданындағы «Тасөткел» магистральды каналының тармақтарымен қоса жерге орналастыру жобасы дайындалып, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл филиалымен жер актісін дайындауға келісім-шарт жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда, – деді Серік Мамыртайұлы.
Баспасөз мәслихатында Серік Қойбақов орман және су шаруашылығымен айналысатын мекемелердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. Сонымен қатар, орман шаруашылығы, өрт қауіпсіздігі мәселелерін де қозғады.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді