Назира БЕРДАЛЫ.
Күн батты. Ақшам уақыты. Кеудемді күй кернесін кеп! Күй тыңдап, мен жылап тұрмын «Әрқашан Күн сөнбесін…» деп. Күннен Сен жақынсың, Раббым! Күнді де жарық қылған – Сен! Бәлкім, Сен ақынсың, Раббым? Жерді де ғаріп қылған – Сен. Мәңгілік Күнді айналдырып, Кете алмас ғашық еткен – Сен, Біздерге, төзе алмас ек-ау, Осындай қасірет берсең!.. Жер беті – ғаламат майдан, Сен ғана сақтаған жанын, Майданға аттанған(дар)дың. Жер беті – мұң менен кайғың Қайғымды азайтшы, Раббым! Түннен соң таңыңды атыр, Күніңмен жылыта бер де, Бір саған тәуелді пақыр Пендеңді ұмыта көрме! Бұл әлем шектелмес Жермен, Жердегі ғұмыр бір – фәни… Шын әлем – Сен сыйған кеудем, Шын әлем – Сен сүйген нәби! Күн батты. Ақшам уақыты. Жас болып тамдым сағаттан… Шын әлем – екеуміз, ЖАНЫМ! Әлемді БІЗден жаратқан…
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




