«Мұқағали бізге бұдан былай да жазып тұра ма?»
Газет жаңадан ашылған кез. Бас есепші Бақыт Төлегенова – жайдары, жақсы, өзінің жұмысын үздік білетін кісі. Айыбы – орысшалау (мүмкін артықшылығы шығар). Есепті «шашқанымен», әдебиетке тісі бата бермейді. Ол кезде «Арай» газеті мақала жазған тұрақты авторларға қаламақы төлейтін. Айдың аяғында Бақыт бухгалтер газет тігінділерінен авторлардың мақала-өлеңдерін қарап, гонорар есептеп жатады. Сол бөлмеге тілші Хамит Есаман кіріп қалады. Сонда Бақыт есепші:
– Жаңадан ашылдық. Уыс-уыс ақша жоқ қой бізде. Авторлардың ішінде белсенді, тұрақты жазып тұратынына берейік. Мұқағали Мақатаев деген кісінің бір өлеңі шығыпты. Ол бізге бұдан былай да жазып тұра ма? – деген екен.
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




