қаратаулық бүлдіршін Айшат Әнуарбек республикалық байқаудан жүлделі оралды
Басқа елдер Марина Цветаева, Анна Ахматовасымен мақтанса, қазақ Фаризасымен мақтанады. Ұлт поэзиясының ұстынына айналған Фаризаның жырларымен талай ұрпақ сусындады, әлі де оқи береді. Өйткені, көзі тірісінде классик атанған поэзия падишасы ұлт әдебиетінің эталонына айналып кеткен.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдері мен сөзіне жазылған әндерін орындау бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық байқау өтті. Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында өткен өнер сайысына еліміздің әр қиырынан жас айырмашылығына қарай 5 топтағы балғындардан іріктелген 291 оқушы қатысты. 6-7 жасар балғындар арасында бақ сынаған Қаратау қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушысы Айшат Әнуарбек ақын апасы Фаризаның «Дос туралы ертегі» атты өлеңін нәшіне келтіре оқып, І орынды иеленді. Бүлдіршіннің ұстазы Толқын Қанатбекқызы шәкіртінің өте зерек екенін айтып, поэзия падишасының көптеген өлеңдерін жатқа білетінін айтады. Өзі кішкентай болғанымен, талабы таудай Айшаттың бұдан да биік белестерді бағындыруына біз де тілектеспіз!
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




