Жаңалықтар
Алтын мен алмаздан жасалған домбыра таныстырылды (ВИДЕО)
- author «Ақ жол»
- 15 желтоқсан, 2015
- 644
Алтын мен алмаздан жасалған домбыра таныстырылды (ВИДЕО)
Эксклюзивті, 1 ғана данамен шыққан домбыраны швейцариялық ұсталар жасаған. Салтанатты таныстырылымы Астанада өткен қазақтың ұлттық аспабы толығымен алмазбен, алтынмен көмкерілген. Құны 50 мың еуро көлемінде. «Домбыра ең мықты деген швейцариялық компанияда жасалды. Оған жаңғақтың ағашы, 24 караттық таза алтын, алмаз тастары қолданылды» деді «Empire» компаниясының президенті «Алтын домбыраны» таныстыру барысында.
Домбыра көлемі кәдімгі ұлттық аспабымыздың көлеміндей. Ұзындығы – 100 сантиметр, ені – 25 сантиметр. Бірақ, аспап күнделікті қолдануға арналмаған, сәндік бұйым ретінде жасалған. Әйткенмен, «Алтын домбыраға» зауыттан белгілі 3 әуен – «Үш қоңыр» (Н. Назарбаев, А. Қоразбаев); «Желсіз түнде жарық ай» (Абай), «Аққу» (Сүгір) енгізілген.
Компания басшылары домбыраны сатпайтындықтарын, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту ететіндіктерін айтуда. Ал болашақта музыкалық аспаптардан қобызды жасап шығарулары мүмкін екендіктерін жеткізді.
"Ақ жол-Ақпарат".
видео informburo.kz
Ұқсас жаңалықтар
2026 жылдан бастап не өзгереді?
- Бүгін, 01:54
16 жыл қатарынан «Үздік команда» атанып келеді
- Бүгін, 01:47
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




