Облыстық баспасөз орталығында Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының іске асырылуы барысын насихаттау бойынша облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.
Ерлан Тоқтарұлы әңгімесін қол жеткізілген нақты жетістіктерден бастады. Мәселен, 2012 -2015 жылдары аралығында «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» жобасы аясында 24 денсаулық нысанының құрылысы аяқталып, аталған жылдар ішінде 61 емдеу мекемесі пайдалануға беріліпті. Басқарма басшысы айтып өткендей, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы артқан. Тиісінше жұмыстар жүргізілу нәтижесінде ана өлімі 4,5 бала өлімі 4,6 пайызға төмендепті. Туберкулезбен, қатерлі ісікпен ауыратындар қатары азайғаны байқалады. Дегенмен, жүрек ауруының көбеюі алаңдатады. «Келесі жылдан бастап аудандық ауруханаларды жүрек ауруына шалдыққан науқасқа алғашқы көмек көрсететін сапалы қондырғылармен қамтимыз, оның нәтижесі болатыны анық», – деді басқарма басшысы. Облысымызға келуге ниет білдірген жас маман-дәрігерлерге ерекше қолдаулар көрсетілуде. Облыс әкімінің қолдауымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша келген жас дәрігерлерге бір жолғы көтерме сыйақы 300 мың теңгеден 800 мың теңгеге ұлғайғанынан да хабардар болдық. Ал, алдағы жылдан бастап ақ халатты абзал жандар 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында тұрғындар ахуалын жақсартуға еселі еңбектерін арнамақ. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде 894 төсек орын қайта бейімдеуден өткізіліпті. Мәслихатта емдеу нысандарының жекешеленуі жөнінде де айтылды. Қазіргі таңда аталған меншік түріне Тараз қаласындағы №6 емхана көшіп отыр. Келер жылы Шу, Жуалы аудандық орталық ауруханаларын жекешелендіру көзделуде. Басқосу соңында Ерлан Масалимов журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берді.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді