Ауыл өмірі көңілді

Ауыл өмірі көңілді
ашық дереккөз
Ауыл өмірі көңілді

ҚР Тұңғыш Президенті күні Құмарық ауылдық Мәдениет үйінде «Егемен елдің кемеңгер басшысы» атты әдеби-сазды жиын өтті. Кешті құттықтау сөзімен ауыл әкімі Б.Айдаралиев ашып берді. Ақсақалдар алқасының төрағасы Мейрамбек Қиықбаев ауыл тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, әр отбасыға жақсылық тіледі. Кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Менің тұңғыш Президентім» атты кітап көрмесі қойылды. Кітап көрмесіне шолу жасалынып, кітапханашы Рима Ағыбетова Елбасының өмірбаянымен таныстырды. Кеш барысында Елбасының балалық шағынан көрініс көрсетілді. Елбасының ұстазын кітапханашы Нұрлы Талқанбаева, бала Сұлтанның рөлін 4-сынып оқушысы Әсет Қожайбай сомдады. Көріністе Елбасының бала кезіндегі асқақ армандары мен болашаққа арналған жобалары туралы сөз болды. Ақерке Амантай Елбасы туралы өлеңін мәнерлеп оқып берді. Кеш одан әрі өнер мектебінің мұғалімдері мен Болтай батыр мектебінің оқушыларының өнерімен жалғасты. Бұл – мәңгі үлгі-өнеге ұрпақ үшін! Талмайтын жарыс десе – тұлпарысың, Самғайтын ғарыш десе – сұңқарысың! Алатау – Алматының асқар шыңы, Ал өзің байтақ елде асқақ таусың! Тіл-көз бен көлденеңнен Аман-сау жүріңізші, – Бұдан да биіктерге шырқау үшін!

Рита Әубәкірова, Алғабас ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар