Құқық
Қазақстанда қазан айынан бастап техникалық байқаудан өту жеңілдейді
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2014
- 331
Қазақстанда қазан айынан бастап техникалық байқаудан өту жеңілдейді
Қазақстанда техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі 2014 жылғы қазаннан бастап қысқартылады. Мемлекет басшысы техникалық байқау өтудің жаңа ережелерін қарастыратын "Жол қозғалысы туралы" Заңына қол қойды. Құжат үстіміздегі жылғы қазан айынан бастап күшіне енеді.
«Техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі бойынша да өзгерістер енгізілді. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, техникалық байқаудан өту үшін көліктік салық төлеу жөнінде құжат қажет емес: операторға тек қана көлік құралы мен оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (автоның техникалық төлқұжаты) ұсынғаны жеткілікті» - делінген хабарламада.
Оның ішінде, Заң пайдаланымда 4 жылдан аспайтын мерзімдегі (шығарылған жылын қосқанда) көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуден босатады. «Сонымен бірге, Заңда техникалық байқау өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өту факті механикалық көлік құралдар мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәлімет сұрау арқылы анықталады», - деп ақпараттандырады министрлік. Жол-көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқауды тиісінше өткізбегендігі үшін операторлардың жауапкершіліктері қарастырылған. Сонымен қатар, операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейтілді.Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді