Қайрат Нұртас ихтиозға шалдыққан Жасұланның ең үлкен арманын орындады
- author «Ақ жол»
- 12 мамыр, 2014
- 1.1k
Туа бітті ихтиоз ауруына шалдығып, денесінің 90 пайызы қабыршақтанып кеткен кішкентай Жасұланның ең үлкен арманы орындалды. Ол өзі жатқан ауруханада сүйікті әншісі Қайрат Нұртаспен жолықты. Танымал әнші науқас баланы өзі іздеп келген. Қуанышы қойнына сыймаған Жасұлан Қайратпен бірге ән шырқады.
Алладан шипа сұрап жүрген бүлдіршіннің "Қайратты көрсем" деген арманы осылайша тез орындалатынына Жасұлан түгілі оның ата-анасы да сенбеген.
Алайда, Қайрат Нұртас онсыз да көңіліне қаяу түскен Жасұланның бала арманынан аттап өте алмапты. Кішкене сыйлығы мен қаржылай көмегін ала келген Қайрат Нұртас балақайдың орындауында өзінің әндерін тыңдап, бүлдіршінмен сұхбаттасып қайтты.
Ал, бұған дейін аурумен туған баланы қолдау мақсатында қазақ эстрада жұлдыздары қайырымдылық кеш өткізген еді. Бүгінде Жасұланның еміне 6 миллион теңге жиналды.
Ақпарат көзі: www.nur.kz
Скриншот 31 арнадан
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




