Баршаға мәлім, «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қолданылады. Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталды және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады. Жария ету субъектілері мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету жөніндегі комиссияға, мемлекеттік кіріс органына заңмен бекітілген нысан бойынша екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi, өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, өзге де құжаттарды (жер теліміне берілген мемлекеттік акт, объектінің техникалық паспорты, сату-сатып алу келісімшарты /сыйлау келісімшарты/), ғимараттың құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы туралы техникалық зерттеу нәтижесі бойынша аттестацияланған сарапшының қорытындысын өткізеді. Жария ету субъектілері көрсетілген құжаттарды: Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) – мұндай мүліктің тұрған жері бойынша комиссияға (өтініш тапсырылатын жылжымайтын мүлікті жария ету жағдайларын қоспағанда) және жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша комиссияға ұсынады. Жоғарыда аталған жұмыстарға облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдары да белсенді түрде өз үлесін қосуда. Бүгінге дейін облыс аудандарындағы мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары 39 ауылдық округте жергілікті тұрғындардың қатысуымен ұйымдастырылған кездесулерге қатысып, тиісті кеңестер берді. Бір жағы соның нәтижесі болуы керек, нақтылы кезеңге дейін облыс бойынша жергілікті мүлікті жария ету комиссияларына ұзын саны 4592 арыз түскен. Оның 3796-сы – тұрғын үй, ал 796-сы тұрғын үй емес шаруашылық объектісіне жатады. Жария етілетін мүліктің жалпы сомасы 25022,9 миллион теңге қаржыны құрайды. Мүлікті жария ету комиссиялары тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді қарап, 3620 арыз бойынша мүлікті заңдастыруға рұқсат берді. Оның 2980-і – тұрғын үй нысаны, 640-ы тұрғын үй емес шаруашылық объектісі болып табылады. Жария етілген мүліктің жалпы сомасы 20458,9 миллион теңгені құрады.
Өмірзақ Қоспанов, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді