«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

БРЕНДТЕРДІ АУЫСТЫРУ ОҢТАЙЛЫ

БРЕНДТЕРДІ  АУЫСТЫРУ ОҢТАЙЛЫ
ашық дереккөз
БРЕНДТЕРДІ АУЫСТЫРУ ОҢТАЙЛЫ

Бауыржан«Кселл» ұялы байланыс операторы өз абоненттеріне компания ішіндегі брендтерді ауыстырған уақытта нөмірді сақтап қалу мүмкіндігін ұсынып отыр. 16 қарашадан бастап жүзеге аса бастаған бұл жаңалық жайлы «Кселл» компаниясы Тараз филиалы­ның басшысы Бауыржан Шалғынбаев айтып берді.

– Аталған қызмет жайлы анығырақ айтып берсеңіз? – Компания абоненттері өз нөмірлерін Ксеll-ден Activ-ке және керісінше ауыстыра алатын болды. Осылайша, қос байланыс операторының абоненттері де бағасы мен сапасына қарай өзі үздік деп тапқанын таңдап, өз нөмірі мен теңгерімін сақтай отырып, компанияның бір брендін екіншісіне ауыстыра алады. – Ол үшін абонент қайда жүгінуі керек? – Ксеll-ден Activ-ке немесе Activ-тен Ксеll-ге ауысу және қызметін пайдалану компанияның кез-келген абоненті үшін қолжетімді. Бұл үшін басқа абонентке ауысқысы келетін абоненттің нөмірі өз атына тіркеліп, ешқандай берешегі болмауы шарт. Іс-әрекет қарапайым: азамат жеке куәлікпен кез-келген Ксеll орталыққа немесе Ксеll Store-ға келіп, өтініш толтыру керек. – Ал аталған екі байла­ныс операторларының қайсысына көбірек ауысу байқалады және олардың айырмашылығы неде? – Негізі Ксеll байланыс операторы нысаналы тобы корпоративтік клиенттер үшін байланыс ретінде кеңінен танымал. Ал бұқаралық нарықтағы абоненттер үшін Activ ыңғайлы байланыс болып табылады. Брендтерді ауыстыру осы екі ерекшелікке байланысты жүргізіліп жатыр. – Ксеll-ден Activ-ке немесе Activ-тен Ксеll-ге ауысып жатқан абонент­тердің қай бөлігі басым екенін айта аласыз ба? – Нақтылы кезеңде ондай сараптама жасалған жоқ. Алайда, Activ-ке ауысып жатқан абоненттер қатары көп екені аңғарылады. Оның себебі, аталған оператор ұсынып отырған түрлі тиімді тарифтерде болса керек. – Бұл жаңалық жайлы абоненттер қосымша ақпараттарды тағы қайдан біле алады? – Компания абоненттеріне Ксеll мен Activ арасында таңдау жасау ыңғайлы болуы үшін www.mnp.kz арнайы сайты қосылып, 5151 шұғыл байланыс нөмірі жұмыс істеуде. Абоненттер бұдан компания ішіндегі бір брендтен екінші брендке ауысу кезінде нөмірдің сақталуы жайлы егжей-тегжейлі сұрап біле алады. – Абоненттер үшін тағы қандай тиімді қызметтер ұсынылуда? – Компания деректердің жіберілуіне бағдар ала отырып, өз желісін белсенді дамытуды жалғастырып, 4G желісін қосуға қарқынды дайындалуда. Қазіргі уақытта «Кселл» компаниясының 3G желісіне Қазақстан халқының 76 пайызы қосыла алады. Бұл салаға инвестиция құйып, оны дамыту жалғасуда.

Сұхбаттасқан

Маржан КӘРІМЖАНҚЫЗЫ, журналист.

Ұқсас жаңалықтар