Сапалы Ауыз су жеткізу – құрылысшылардың абыройлы міндеті
- author «Ақ жол»
- 25 қараша, 2015
- 287
Байтелиев,
облыс әкімдігінің
құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
Тараз қаласы.[/caption]
Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамда да құрылыс саласы қамтылды. «Құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді», – деп атап көрсетті Елбасы. Облысымызда «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында былтыр республикалық және жергілікті бюджеттен 4,3 миллиард теңге бөлініп, толық игерілді. Оның ішінде 859,0 миллион теңгеге 5 жаңа нысанның құрылысы басталды. Осы қаржыға 18 нысанның құрылысы жүргізілсе, 13-і 2013 жылдан өтпелі. Ал 11-і пайдалануға тапсырылды. 2015-2016 жылдарға 7 нысан өтпелі. Биыл да сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысына республикалық және жергілікті қазынадан 1,8 миллиард теңге бөлінді. Осы жылдың 5 айында қанша қаржы игерілгеніне келер болсақ, есепті кезеңге бөлінген 579,174 миллион теңгенің 96,5 пайызы игерілді. Бүгінге дейін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы су жүйесінің құрылысы пайдалануға берілсе, 5 нысан жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жамбыл ауданының Жетібай-Ынтымақ ауылдарындағы құрылысты комиссия қабылдап жатса, Жамбыл ауданы Дихан-2 ауылындағы құрылыс шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ, Байзақ ауданы Түймекент-Ынтымақ ауылдарындағы құрылыстың 70 пайызы атқарылып, қазан айында іске қосу жоспарлануда. Ал Мойынқұм ауданы Қияқты-Мирныйда да жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Нысан қараша айында пайдалануға берілуі тиіс. Қордай ауданы Бетқайнар ауылындағы құрылыстың да 70 пайызы орындалып, желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда. Талас және Жамбыл аудандарындағы Ақкөл мен Жалпақтөбе ауылдарындағы нысандардың құрылысы келесі жылға өтеді. Осы уақытқа дейін облыстағы 373 ауылдың 482,3 мың адам мекен ететін 223-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұл барлық ауылдың 59,7 пайызы. Әлі де 145 ауыл ауыз суды ұңғылардан, құдықтардан тұтынып отыр. Осы елді мекендердің ішінде 5-нің тұрғындары суды тасымалдап ішуде. Осы мәселені түпкілікті шешу облыс басшылығының жіті назарында. Жыл соңына дейін орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін ауылдардың саны 229-ға жетіп, 61,3 пайызды құрайды деп отырмыз. Облыстан 2016-2017 жылдарға Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне жалпы сомасы 6,1 миллиард теңгеге 8 ауыз сумен жабдықтау нысанын, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетіне 2 ауыз сумен жабдықтау нысанын қаржыландыру бойынша ұсыныс берілді. Ұлттық экономика министрлігінің комитетінен 7 нысанды қаржыландыру қолдау тапты. Қалған 3 нысанға да қаржы бөлгізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес елді мекендерге жерасты сулары бойынша іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру құзыреті облыс бойынша облыс әкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына берілді. 2015 жылдың 19 наурызында «Оңтүстікқазжерқойнауы» республикалық мемлекеттік мекемесі арқылы ауыспалы нысандар бойынша жобалау-сметалық құжаты қабылданып, алынды. Алайда, жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге (ауыспалы нысандар бойынша) 2014 жылдан тапсырыс беруші болып табылатын «Оңтүстікқазжерқойнауы» мекемесімен жасалған келісімшарт негізінде басқарма өз тарапынан мердігер ұйымдармен үстіміздегі жылдың 29 мамырында келісімшарт жасасып, қазіргі кезде Қазынашылық департаментінде тіркелді. Мердігерлермен жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа жобалар бойынша (28 ауыл және 3 кен орны) және жерасты сулары қорымен қамтамасыз етуге іздеу-барлау жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама (41 ауыл) әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурстарына сәйкес өнім мемлекеттік сатып алу порталында 2015 жылдың 29 мамырында жарияланды. Жеңімпаз мердігерлер шілде айында анықталады деп күтілуде. Жыл басында «Оңтүстікқазжерқойнауы» мекемесінен 24 ауыл бойынша іздеу-барлау жұмыстарының қорытындысы және жыл соңына дейін 43 ауыл бойынша іздеу-барлау жұмыстарының қорытындысы беріледі деп күтілуде. Алдымыздағы ауқымды міндет – облыстың барлық ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Сапалы ауыз су – денсаулық кепілі. Сондықтан да жауапкершілігі мол жұмысты абыроймен атқарып шығу үшін бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді