«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бюджет қаржысы қайта қарастырылды

Бюджет қаржысы қайта қарастырылды
ашық дереккөз
Бюджет қаржысы қайта қарастырылды

Кеше бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық бірінші сессиясы болып өтті.

Жиында алдымен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Президент жарлығымен ҚР Конституциясына 20 жыл мерекелік медалімен марапатталған бірқатар депутаттарға төсбелгісін салтанатты жағдайда табыс етті. Келесі кезекте облыстық мәслихаттың хатшысы Бағлан Қарашолақов облыстық мәслихаттың шешімі бойынша «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілген халық қалаулыларына арнайы куәлік пен төсбелгі және лентасын табыстады. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе – «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы №33-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Осыған орай облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханов хабарлама жасап, бюджет көрсеткіштерін айтып өтті. Оның айтуынша, Бюджет кодексіне сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет параметрлеріне нақтылау жасалған. Нақтылау барысында 2015 жылғы облыстық бюджет көрсеткіштеріне облыс әкімдігінің үстіміздегі жылдың 2 қарашадағы №262 қаулысына сай енгізілген өзгертулер ескерілген. Жомарт Амангелдіұлы облыстық бюджеттің шығындары бойынша мемлекеттік сатып алудан үнемдеу есебінен және 2012 жылғы «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тұрақтандыру қорын құруға қарастырылған шығындарды қайтарудан түсетін түсімдерден бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қаражат бөлу қарастырылғанын жеткізді. Оның қатарында облыс әкімдігінің қаржы басқармасына Талас ауданындағы төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жүргізілген жұмыстарды төлеуге 21 071 мың теңге, Қордай ауданының ветеринарлық қызметі үшін ғимарат сатып алуға 35 000 мың теңге, облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасына Жуалы және Қордай аудандарындағы мемлекеттің қажеттілігіне мәжбүрлі түрде алынған жер телімдерінің иелеріне өтемақы төлеуге сәйкесінше 5 095 мың теңге және 107 873 мың теңге, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына бүйрегіне трансплантация жасалған науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 6 645 мың теңге, сондай-ақ, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт, облыс әкімдігінің білім беру және басқа да басқармаларға қаржылар қарастырылған. Сессия отырысында бұдан басқа да бірқатар мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар