Ол өнерге ғашық. Әнші, тіпті ән шығаратыны да бар. Көңілін сағыныш, қуаныш, мұң кернегенде жүрегін жаңа әннің ырғағы тербейді.
Ол деп отырғанымыз – жас әнші, композитор Руслан Әмір. Жас әнші Жамбыл медициналық колледжінде оқып жүргенде-ақ сахнаға шығып, көзге түскен. Сол кездің өзінде ұстаздары жас жігіттің өнерін жоғары бағалап жүрді. Русланның әндері махаббат тақырыбында. «Қайда барасың?», «Дүр-дүр», «Сұрағым көп махаббатқа» әндері тыңдармандар тарапынан оң бағасын алып үлгерді. Қазіргі таңда жас композитордың он бестен аса әні бар. Жазған әндеріне Қайрат Нұртас, Ернар Айдар секілді халыққа кеңінен танымал әншілерден де сұраныс түскен. Үлкен концерттердің бірінде әйгілі әнші Мақпал Жүнісова да әндерін тыңдапты. Жүнісованың жақсы пікірін естігендегі ерекше сәтті жас әнші бізге айтып берді. Руслан әр кезде Ғани Мәтебаев, Маралбек Бабақұлов, Қайсар Көкішев бастаған облысқа кеңінен танымал өнерпаздармен сырласып, тіпті бірге футбол ойнап тұрады. Руслан гитарамен де, домбырамен де, тіпті ансамбльге қосылып, ән салады екен. Ең бастысы жүрекке жеткізіп орындайды. 20 жастағы өнерпаздың болашағы алда. Жас әншінің барлық мақсаты – өнерін өрістету, дамыту, ел көңілінен шығатын жақсы әндерді шығару. Өнер табалдырығынан имене аттап, ізденіс үстінде жүрген Русланның әнін ризашылықпен тыңдап, талантының өрістеуіне тілеулес жандар аз емес.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




