Қазақстандық депутаттар ЕАЭО аясындағы ортақ валютаға қарсы шықты
- author «Ақ жол»
- 12 қараша, 2015
- 741
Қазақстандық депутаттар Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта енгізу ұсынысына қарсы. Және Ресей мемлекеттік думасының депутаты Леонид Слуцкий бұл сұрақта Қазақстанның ұстанымынан хабардар екенін депутат Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.
Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Астана арнасына, бұған дейін қазақстандық депутаттар ресейлік әріптестерімен бұл мәселені талқылаудан бас тартқандығын да жеткізді. “Депутат Слуцкийдің осы мәселелерді біле тұра жасаған мәлімдемесі – өз сөзі, ал біздің көзқарасымыз әлдеқашан айқындалған” деп жауап берді.
“Бұл мәселе Леонид Слуцкий бастаған ресейлік депутаттар делегациясы Астанаға келген кезде де сөз болған. Бірақ біз бұл мәселені талқылаудан бас тарттық. Сондықтан Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ортақ валютаға қатысты позициясы белгілі. Бұл ұсынысты қолдамайды”, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетсек, осыған дейін ресейлік депутат ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізу жұмыстары туралы баяндаған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




