Сыртқы сауда айналымы өсуде
Бүгінгі таңда жеке тұлғалар тауарларды өз қажеттілігіне импорттаған жағдайда қосылған құн салығынан босатылады. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Кеден одағы мен Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілгеннен кейінгі айдың 20 күнгі мерзімі бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі. Сондай-ақ, импортталған тауарлар бойынша жанама салықты төлеу мерзіміне өзгерістер енгізу сыртқы экономикалық қызметке қатысушы (СЭҚ) тек Салық Кодексінің 623-бабына сәйкес мониторингке жататын салық төлеушілерінің құқығы бар.
Бір айта кетер жайт, осы жылдың 1 шілдесінен бастап, Ресей Федерациясының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығы мен Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығының (БЖК 105110) кодтары біріктірілді. Сондай-ақ, бүгінгі күнге Кеден одағы бойынша «ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы» қолданылады.
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімшартқа сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органы арқылы жанама салықтар өндіріп алынады.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрғылықты жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларация тапсыруға міндетті. Елге түсінікті тілмен айтқанда, жүк тасымалдау декларациясы бойынша салық төлеушілерге салық төлеу мерзімі бұрын дәл сол бір күн ішінде төлеуге міндеттелген болатын. Ал қазір, Кедендік одақ құрылып, оған еліміз мүше болғаннан бері салық төлеу мерзімі ұзартылып, тауар әкелу рәсімі қысқартылды. Әкелінген тауарға салық төлеу мерзімі келесі айдың 20 күніне белгіленді, яғни, салық төлеушіге 1,5 айдай уақыт берілген. Қазіргі уақытта облыс орталығындағы бірлі-жарым ірі сауда нүктелерінде, базарларда Кеден одағына мүше елдерден әкелінген тауарларды рәсімдеу, бақылау касса машинасының қолданылуы, салық органдарында тіркелу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Ал Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғалы салық түсімінің артуы қаншалықты деңгейде деген сауал төңірегінде сөз қозғасақ, Кеден одағына кіретін мемлекеттердің аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша биылғы жылдың 9 айында облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті бюджетке 931 171,0 миллион теңге қаржы түседі деп болжам жасаған еді. Дегенмен, халық қазынасына 1 273 380,6 миллион теңге қаржы құйылып, жоспар 136,8 пайызға артығымен орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда артық түсім 308 257,8 миллион теңгені құрап отыр. Бұл – сыртқы сауда айналымының өсуінің белгісі.
Сәкен Қасабаев,
облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшіліктендіру басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді