Елімізді өркендететін экспорт

Елімізді өркендететін экспорт
ашық дереккөз
Елімізді өркендететін экспорт
[caption id="attachment_29615" align="alignleft" width="200"]К-Аманов Қайрат АМАНОВ,
облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы
басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу
және селолық тұтыну кооперациясын дамыту бөлімінің басшысы.[/caption]

«100 нақты қадам» бағдарлама-сының 60-қадамында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту бойынша алдағы үш жылда атқарылатын міндеттер нақтыланған. Облыста 2015 жылдың 9 айында өндірілген 227,5 мың тонна сүттің 96,5 мың тоннасы өңделіп, өңдеу үлесі 53 пайызды құрады. Қазіргі уақытта облыста жалпы қуаттылығы жылына 300 мың тоннаны құрайтын 17 кәсіпорын жұмыс істейді. 2014 жылдың қараша айында облыста орналасқан сүтті өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ арқылы жалпы көлемі 56 мың литрлік 18 салқындатқыш танкері алынып, оның 34,1 миллион теңгеге 8 данасын «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС, 44,5 миллион теңгеге 10 данасын «Көкжиек-2030» ЖШС-на лизинг жүйесі бойынша берілді. Бұл алынған сүт салқындатқыш танкерлер 2015 жылдан бастап сүт өнімдерін тереңдете өңдеуші кәсіпорындар сапалы сүт жинауға қол жеткізіп, өткен жылмен салыстырғанда, жиналған тауарлы сүт көлемі 1500-2000 тоннаға дейін артып, шаруашылықтарда өндірген өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 12 пайызға көбейген. Бағдарламаның 60-қадамында алдағы жұмыстарды жаңазеландиялық «Fronterra» және даниялық «Аrla» үлгісімен ұйымдастыру ұсынылған. Бұл үлгі бойынша қысқаша айтар болсам, Жаңазеландиядағы «Fronterra» компаниясының 140 жыл тарихы бар. Құрамында тауарлы өндірген сүтін компанияға өткізуші фермерлерден жасақталған 10 500 акционері бар сүт өнімдерін қайта өңдеп, экспортқа шығарушы үлкен кооперативтік компания. «Arla» компаниясы 1881 жылы құрылып, 2000 жылы шведтің «МВ Foods» компаниясымен қосылып, «ARLA Foods» компаниясы болып біріккен, бүгінгі күні құрамында 6 мемлекеттің 12 629 акционері бар фермерлік шаруашылықтардан құралған ірі құрылым. Акционерлер өндірген тауарлы сүтін толығымен компанияға өткізіп, қайта өңдеп, сүт өнімдерін ірі экспорттаушы кәсіпорынға айналған. Бұл бағытта Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен республикада 2 пилоттық жобаны іске асыру қолға алынса, соның бірі – біздің Меркі ауданында ағымдағы жылдың 20 қазан күні голландиялық «Лейли Рус» ААҚ бас директоры Йерун Кейзер, Қазақстан Республикасы бойынша группа «Трансфэр» филиалының директоры Симон Кленэ, «Агро өнеркәсіп кешен саласында саяси экономикалық және аналитикалық орталық» ЖШС жетекшісі, аналитик Б.Сыздықовтың қатысуымен ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарымен кездесу жиыны өткізілді. Жиында ауданда сүт кластерін жаңазеландиялық «Fonterra» және «Arla» бағдарламалары бойынша кооперативтерге шаруашылықтарды біріктіру түсіндіріліп, нәтижесінде Меркі ауданында 12 сүт тауарлы фермасын құрып, олардың төңірегіндегі сүт өндіруші, мал азығын дайындаушы, дайын өнімді өткеру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ірі бір кооперативке біріктіру бойынша түсіндіру жұмыстары мен дайындық басталды. Ағымдағы жылы Шу ауданында «Айшот» шаруа қожалығы күндігіне 2,5 тонналық ресейлік шағын сүт өңдеу цехы және Байзақ ауданында «Ағали» шаруа қожалығы күндігіне 3 тонналық ресейлік шағын сүт өнімдерін өңдеп шығаратын цехын іске қосты. Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданында «Астана» шаруа қожалығы да ағымдағы жылдың қараша айының бірінші он күндігінде сүт өңдеу цехын іске қосты. Сонымен қатар, Жуалы ауданында жеке кәсіпкер «Мешелов» Болгария Республикасынан күндігіне 5 тонналық сүт өңдеу цехына Халық банкінен 39 миллион теңге несие қаражатын алды. Цехтың қосылуы ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарлануда, Байзақ ауданында жеке кәсіпкер «Лесняк» шаруа қожалығы израйльдік «Тесса» фирмасының қондырғыларын алу бойынша құжаттарын жинақтап, келісім жұмыстарын жүргізуде. «Ырыс» бағдарламасы бойынша облыста ағымдағы жылы 8 сүт-тауарлы фермасын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалардың ішінде 2 жоба қаржы қорлары арқылы қажетті қаражат мақұлданып, қаржыландырылуда. Облыста ағымдағы жылы ет экспортын 700 тоннаға жеткізу тапсырмасын орындау бойынша біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні 21 мал бордақылау алаңы жұмыс жасауда. Оның ішінде, 3000 басқа арналған бірінші деңгейлі 3 мал бордақылау алаңы, олар, Меркі ауданында «Олжа», Қордай ауданында «Байнұр», «Медет» шаруа қожалықтарында орналасқан. Сонымен қатар, екінші деңгейлі 1500 басқа арналған 1 мал бордақылау алаңы Жуалы ауданында «Гамбург» ЖШС-да ағымдағы жылы іске қосылып, жұмыс жасауда. Қалған 17 мал бордақылау алаңы үшінші деңгейлі. 2015 жылы жалпы ет өнімін өндірушілерге 600,6 миллион теңге субсидия қаражаты төленді. Ағымдағы жылы, Байзақ ауданында «Дулат» шаруа қожалығы 1500 басқа, «Тажибаев» шаруа қожалығы 1000 басқа, Жамбыл ауданында «Жиделі» шаруа қожалығы 120 басқа, Меркі ауданында «Меркі мал шаруашылығы кешені» ЖШС 3000 басқа, «АгроСтанФарм» малайзиялық кәсіпкерлермен бірлесіп, 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен 12 000 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын табында өсіріп, жылдық қуаттылығы 1 400 тонналық ет өндірісінің кешен құрылысын бастауда. Мойынқұм ауданында «Мойынқұм Агро» ЖШС 10 000 бас мүйізді ірі қара малына арналған асыл тұқымды репродуктор құруды және 5 000 басқа арналған мүйізді ірі қара малын бордақылау алаңын салуды қолға алуда. Сонымен қатар, тауық етін өндіру бойынша облыста 3 ірі жоба жүзеге асырылуда. Олардың бірі – «Байзақ» ауданында «Әулие Ата Феникс» ЖШС. Жобаның құны 1 миллиард 376,2 миллион теңге, жылдық қуаттылығы 3 200 тонна тауық етін өндіру, Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС ет комбинатының құрылысының құны – 2 миллиард 500 миллион теңге. Тәулігіне 40 тонна ет өнімдерін өндіреді. «Аса Даму» ЖШС құс фабрикасының құрылысының құны – 1 миллиард 809,6 миллион теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 280 тонна құс етін өндіру. Инвесторлар тарту арқылы ет өндірісін көбейту, келешекте етті экспортқа шығару үшін қажетті инфрақұрылым қалыптастырылуда. Соңғы 2 жылда сыйымдылығы 17 мың бас мүйізді ірі қараны құрайтын бордақылау алаңдары іске қосылды, оның 4-і бір мезгілде 3 мың бас малды бордақылайтын дамыған технологиялы бордақылау алаңдары. Салаға шетел инвесторларын тарту мақсатында малайзиялық кәсіпкерлермен бірге Меркі ауданында «Агростан» ЖШС тарапынан бордақылау кешенінің құрылысы қолға алынуда. Кешен жаңазеландиялық жоба негізінде құрылады, «Казагро» ҰБХ АҚ арқылы қаржыландырылады. Мойынқұм ауданында «Мойынқұм агро» ЖШС-ның тарапынан 3 мың басқа арналған бордақылау кешені және ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын 5 мың басқа арналған репродуктор-шаруашылық құрылуда. Бүгінгі күнге дейін Ресей Федерациясынан 600 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара әкелінді. 2016 жылы Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал ет өнімдері» ЖШС-ның етті қайта өңдеу кешенін іске қосу жоспарлануда. Облыстағы бордақылау алаңдары кешенді шикізатпен қамтамасыз етілетін болады. Осылай толық тізбекті ет кластері ұйымдастырылып, келешекте өңделген ет өнімдерін экспортқа шығару жоспарланған.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар