Мәдениет
Ақтөбелік зергердің туындылары Шарджа басшылығын қызықтырды
- author «Ақ жол»
- 8 мамыр, 2014
- 1.1k
Ақтөбелік зергердің туындылары Шарджа басшылығын қызықтырды
Біріккен Араб Әмірлігі жоғары кеңесінің мүшесі Султан Мухаммад аль-Касими қазақстандық зергердің қолынан шыққан бұйымдарға аса қызығушылық білдірді.
Ақтөбелік зергер Болат Атыраубаев Шарджадағы "Мәдени мұра" фестиваліне қазақстандық өнерді таныту үшін зергерлік бұйымдарын апарған. Фестивальға 37 мемлекеттің тарихы мен мәдениетін дәріптеушілер қатысқан.
"Мәдени мұра" күндерінде шеберлер келушілерге өз қолдарынан шыққан кілемдерді, тоқыма бұйымдарды, алтын мен күмістен жасалған зергерлік заттарды ұсынған.
Қазақстаннан аталмыш фестивальға зергер Болат Атыраубаев пен шымкенттік кілем тоқушы Гүлмира Бегалиева қатысты.
Шарджаның басшысы ақтөбелік зергердің қолынан шыққан, құны 1,2 мың доллар тұратын ұлттық бұйымдарымызға жоғары баға берді. Ендігі уақытта аталмыш бұйымдар Шығыс және Азия халықтары мәдениеті мұражайына тапсырылатын болады.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




