Наурызбек Сарша республикалық бәйгеде жүлделі орынға ие болды
Алматыда өткен республикалық «Алаш тарихының ақиқаты» атты шығармашылық жабық бәйгесі мәресіне жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйге проза, поэзия, драматургия жанрлары бойынша 200-ден аса шығарманы қарап, оның 28-іне жүлде тағайындады. Аталмыш бәйгеде поэзия номинациясы бойынша бақ сынаған әріптесіміз, газетіміздің тілшісі, жас ақын Наурызбек Сарша жүлделі үшінші орынды қанжығалады. Елімізге белгілі ақын-жазушылар қатысқан байқауда үшінші орын биігінен көріну – Наурызбек үшін үлкен жетістік. Жеңімпаздар қатарындағы ең жас қатысушы болса да ол өз талантымен қазылар алқасының талғамынан шыға білді. «Ан-Арыс» бүркеншік атымен бақ сынаған Наурыз бәйгеде «Қарт даламен тілдесу» атты толғау-өлеңімен топ жарды. Серік Ақсұңқарұлы, Серік Тұрғынбеков, Жарас Сәрсек, Әбубәкір Қайран секілді тағы басқа үлкен ағаларымен бірге жеңімпаздар қатарынан көрінген ол Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан Оразалиннің қолы қойылған арнайы III дәрежелі дипломмен және қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталды. Бұл Наурызбектің ғана емес, ұжымның да, сондай-ақ, жас ақынның жамбылдық жерлестерінің де мерейі, қуанышы, жетістігі деп білеміз. Дарынымен дараланып жүрген Наурызбекке шығармашылық табыстарға жете бер, жазар таусылмасын деп тілейміз!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




