Өмір сүру ұзақтығы жөнінен Қазақстан Ресейден озып тұр
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2014
- 5.5k
Қазақстан халықтың өмір сүру ұзақтығы рейтингісі бойынша Ресей мен Қырғызстанды қуып жетті, - деп хабарлайды Idea Lab.
2014 жылға арналған рейтингті АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы жасаған. Оған 223 ел қатысып отыр, көш басында - Монако, бұл елде адамдар орташа есеппен 89,57 жас жасайды. Екінші орында - Макао (84,48 жас), үшінші орында - Жапония (84,46 жас). Алғашқы ондыққа Сингапур, Сан-Марино, Гонконг, Андорра, Швейцария, Гернси мен Австралия да енген.
Қазақстан рейтингтің 150-орнына жайғасыпты, елімізде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 70,24 жас. Бұл жөнінен Қазақстан Ресей, Қырғызстан, Украина, Моңғолия, Тәжікстан елдерінен озып тұр. Ал Әзірбайжан (71,9 жас), Беларусь (72,2 жас), Өзбекстан (73, 3 жас), Армения (74,1 жас) мен Грузия (75,7 жас) елімізден ілгері орындарды иеленіпті.
Ұзақ өмір сүруге қолайсыз елдердің үштігіне Гвинея-Бисау, Оңтүстік Африка және Чад еніп отыр, бұл елдерде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы - 49-50 жас қана.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді