Байғали Серкебаевтың қатты ауырып жатқаны туралы ақпарат жоққа шығарылды
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2014
- 1.1k
Белгілі композитор Ренат Гайсин А'Studio тобының негізін қалаған Байғали Серкебаевтың қатты науқастанып қалғанын жоққа шығарды.
"Маған бәрі таң атпай хабарласты. "Мұның бәрі" сары басылымдардың ісі, оған назар аударудың керегі жоқ. Мен онымен күндіз ғана сөйлестім, оның жағдайы жақсы, ешқандай ауруы жоқ, ешқайда кетпейді де, денсаулығы дұрыс. Ол қазір Мәскеуде. А'Studio тобы жақында жеке концертін береді, олар соған дайындалып жатыр", - деді Ренат Гайсин.
Еске сала кетейік, бірқатар ресейлік және қазақстандық басылымдар 55 жастағы Байғали Серкебаевты қатты ауырып жатыр деп хабарлаған болатын. Оның асқазанында проблема бар секілді. Басылымдардың мәлімдеуінше, емделу үшін оған шетелге ұшу қажет болған.
Айта кетейік, 16 сәуірде Алматыда А'Studio тобының және Марат Бисенғалиев жетекшілік ететін симфониялық оркестрдің концерті өткен болатын. Концертте симфониялық үнмен топтың әндері орындалған. Симфониялық оркестрға арнайы әуенді Байғалидің ағасы Алмас Серкебаев жазған болатын.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәстүр заманауи дизайн тіліне айналады
- 27 сәуір, 2026
ASPARA FASHION WEEK Сән – энергия бар жерде туады
- 27 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




