«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ҚАЗТЕСТ біліктілікті арттырады

ҚАЗТЕСТ біліктілікті арттырады
ашық дереккөз
ҚАЗТЕСТ біліктілікті арттырады

Бұл сынақ облысымызда өткізілуде

Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының және облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» ұйымдастыруымен аталған мекеменің оқу корпустарында облыс әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметкерлер ҚАЗТЕСТ сертификаттық тестілеуінен өтті. Алғаш болып бұл сынақты облыс әкімдігі басқармаларында еңбек ететін 70 мемлекеттік қызметші тапсырды. 

Тест тапсырушылар алдында сөз сөйлеген облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғалия Боранбаева мемлекеттік қызмтешілерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекші сарапшылары Сұлтанбек Қабылов пен Шынар Балғожина ҚАЗТЕСТ сертификаттық жүйесінің талаптары мен маңызына тоқталды. Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекші сарапшысы Сұлтанбек Қабыловтың айтуы бойынша, тест тапсырушылар сертификат алу үшін тыңдалым деңгейіндегі 30 сұрақтың 18-ін, лексикалық-грамматикалық деңгейдегі 70 сұрақтың 42-сін, оқылым деңгейіндегі 50 сұрақтың 30-ын дұрыс белгілеулері тиіс. Аталған талап деңгейінен шыққан мемлекеттік қызметшілердің жауабы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында 10 күн бойы тексеруден өткен соң, сәтті тапсырушыларға келесі айдың орта тұсына дейін ҚАЗТЕСТ жүйесінің арнайы сертификаты берілетін болады. Ол сертификат екі жылға жарамды. Айта кетейік, ҚАЗТЕСТ жүйесі еуропалық IELTS жүйесінің, америкалық TOEFL жүйесінің негізінде жасалған. ҚАЗТЕСТ жүйесінен 2017 жылға дейін еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің 50 пайызы өтуі тиіс. Биыл облыс әкімдігіне қарасты басқармалар мен аудандық бөлімдерде қызмет атқаратын жалпы 2400-ге жуық мемлекеттік қызметшінің 25 пайызын ҚАЗТЕСТ жүйесінің тестілеуінен өткізу көзделуде.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар