Түске дейін сатылып кетеді
Мен облыстың бас басылымы «Ақ жолдың» тұрақты оқырмандарының бірімін. Бүгінде зейнет жасында болсам да, 1968 жылдан бері бұл газетті үзбей оқып келемін. Елімізде сол кезден бері көптеген үлкен өзгерістер орын алып, түрлі жаңалық болып жатыр. Қоғамдағы өзгеріс әрбір азаматтың өміріне әсер етеді. Ендеше, ел жаңалығымен етене таныс болу үшін, әлбетте, газет оқу керек. Ал біздің өңірдегі барлық ақпаратты қамтыған, сонымен қатар, елдегі іргелі істердің жаршысы болып жүрген «Ақ жолдың» орны ерекше. Мен газет шыққан күндері таңертең «Қазпошта» бөлімшесіне барып, басылымды алып бастан-аяқ оқып шығамын. Ал соңғы уақытта облыстық басылымды сатып алушылар қатары көбейгендіктен, ол түске дейін-ақ таусылып қалады. Бұл «Ақ жолға» қызығушылықтың артып, сұраныстың көбейіп отырғанын көрсетеді. Сондықтан «Қазпошта» бөлімшелерінде «Ақ жол» көптеп сатылса екен.
Майдан ОРЫНБАЕВ, Тараз қаласының тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




