«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шәкірттерім шетінен талантты

Шәкірттерім шетінен талантты
ашық дереккөз
Шәкірттерім шетінен талантты

Мен өзім қазақылығының қаймағы бұзылмаған Талас ауданындағы Аманкелді ауылында туып-өскенмін. 45 жылы мектепке бардым. Әлі есімде, алғашқы ұстазым Рәпия апай бүгінде елімізге танымал ақын Рафаэль Ниязбековтің анасы еді. Сол кісіге ұқсағым келді ме, кейіннен мен де ұстаздық мамандықты таңдадым. Алғашында өзім оқыған мектепте need a hint on where to look for the professional proofreading services бастауыш сыныпқа сабақ бердім. Салада қырық жыл бойы еңбек етіп, 2002 жылы зейнеткерлікке шықтым. Шымкенттегі педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетін оқып бітіргенмін. Он сегіз жылдай директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болдым. Қысқасы, шәкірттеріме бойымдағы барымды бердім. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында 77 жасқа толғалы отырмын. Айтайын дегенім бұл да емес...

Қарап отырсам, ұстаздық еңбегім текке кетпеген секілді. Ат төбеліндей ғана ауыл мектебінің бір өзінен түлетіп ұшырған шәкірттерімнің бүгінде елдің елеулісі, халықтың қалаулысы болып жүргендері ондап саналады. Бір атап өтерлігі, олардың басым дені әдебиетті сүйіп өсті, әдебиет олардың адамгершілік әдептерін, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырды. Бүгінде базбіреулері бір-бір лауазымдық қызметтің тізгінін ұстап та отыр. Атап айтсам, айтыскер ақын Шорабек Айдаров, заң қызметкері Әбиірбек Қонысбаев, ақын Серік Томанов, журналист Телғара Үсенбаев, әртіс Спандияр Мұқышев, журналист Әбділда Сәрсенбиев, облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжан, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Зиятхан Өмірәлиев, мемлекеттік қызметкер Сабыр Рысбаев, құрылыс инженері Шархан Сәттеров, ауыл имамы Камал Әміров, С. Шәкіров ауылдық округінің әкімі Нұрбол Көпәділов, әнші Мәдина Сағымбекова және басқалары шәкірттерім екенін өзіме мақтаныш та етемін. Алдымнан дәріс алған оқушыларымның оннан астамы ұстаздық жолға түскенін, үшеуінің мектеп директоры қызметін атқаратынын атап өтсем, артық етпес. Бұл тізімді одан әрі де соза беруге болады. Осындайда Абай хакімнің «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға, ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген сөзінің шынайылығына, растығына өз өмір жолым арқылы көз жеткізгендей де боламын. Шәкірттерімнің қайда да аман-сау жүргенін тілеймін.

Ұқсас жаңалықтар