Қазақстан, Ресей мен Беларусь машина жасау саласы бойынша бір келісімге келді
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2014
- 755
Машина жасау бойынша атқарылатын жұмыстардың 30 пайызы жергілікті жерде жасалса, ортақ нарыққа шығуға рұқсат бар. Олай болмаса, кәсіпорындар өз көліктерін тек ішкі нарықта ғана сата алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рауға сілтеме жасап.
"Бізде (Кедендік одақ елдерінде - авт.) автомобильдерді құрастыруға қатысты бір өзекті мәселе болған. Соңғы рет Минскіде ол мәселе бойынша нақты келісімге келдік. Былай болатын болды. Ортақ нарыққа локализациясы (жергілікті материалдардан жиналған - авт.) 30 пайыздан асатын көліктер ғана шығарылады. Оның ішіне дәнекерлеу мен шанақты бояу жұмыстары да кіреді. Ал сол көрсеткіштен төмен болса, онда машиналарды тек өз нарығыңда ғана сата аласың. Айтпақшы, 2018 жылы шілденің 1-інен бастап локализацияның деңгейі 50 пайызға дейін көтерілетін болады", - деді А.Рау бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі норманың арқасында машина жасау саласындағы отандық кәсіпорындар өз үлестерін, яғни жергілікті локализацияны ұлғайтады деген сенім бар.
Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Энергиясы ешқашан азаймайды
- 4 желтоқсан, 2025
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




