Жерлесіміз, жазушы-кинодокументалист Доқтырхан Тұрлыбектің «Мәшһүр Жүсіп» атты деректі фильмі «Алтын Сафран» фестивалінде жүлде алды
Таяуда Түркияның Сафранболу қаласында түркі тілдес халықтардың дүниежүзілік «Алтын Сафран» атты кинофестивалі болып өтті. Біздің дәуірімізге дейін 3000 жыл бұрын іргесі қаланған тарихи қалада 16-шы рет ұйымдастырылған өнер додасына жерлесіміз, Алматы қаласындағы «Түркі әлемі» телестудиясының директоры, жазушы-кинодокументалист Доқтырхан Тұрлыбек «Мәшһүр Жүсіп» атты деректі фильмімен қатысты.
Түбі де, тегі де бір түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін насихаттауды басты мақсат тұтқан фестивальға отыздан астам түркі мемлекеттерімен қатар, тува, хакас, шор, ноғай, шеркеш, құмық, қарашай, балқар, Қырым татарлары секілді ұлыстардың да кинодокументалистері қатысып, бақ сынады. Кіл мықтылар арасынан оза шауып бәйге алған туындылардың арасынан Доқтырхан Тұрлыбектің «Мәшһүр Жүсіп» атты туындысы да табылды. Деректі фильм үздік төрттіктің қатарына еніп, арнайы жүлдемен марапатталды. Біз жерлесіміздің еңбегі еленгеніне қуанышты екенімізді жеткізіп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестігімізді білдіреміз.
Ерғали Сағат, жазушы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді