Шу
Сары Хасенов атындағы стадионда «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы!» ұранымен аудан жастары арасында спартакиада өтті. Ауыл округтерінен келген спортшылар кіші футбол, қол күрес, арқан тарту, эстафеталық ойындардан бақ сынап, бабын танытты. Төле би ауылындағы М.Мақатаев атындағы тірек мектебінің намысын қорғаған ерлер мен әйелдер тобы эстафетада топ жарса, білек күшінің бәсекесінде Шу темір жол колледжі мен С.Шәкіров атындағы мектеп ұжымы жеңіс тұғырына жайғасты. Арқан тартыста ЭЧ-22 мекемесі, ал аяқдоп жарысында «Қосқұдық» командасы үздік орынды қанжығалады. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мақтау қағазымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




