Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

Тұрғындар  тілегі назардан  тыс қалмайды
ашық дереккөз
Тұрғындар тілегі назардан тыс қалмайды

Облыс әкімі есебінде көтерілген мәселелер шешімін табуда

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыс әкімі К. Көкірекбаевтың өткен 2014 жылдың қорытындысы бойынша ағымдағы жылғы 20 ақпанында тұрғындар алдында есеп бергені белгілі. Соған орай облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өтініш-тілектердің 27-сі арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынса, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың құзыретіне жататын мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарастыру үшін жолданған-ды. Бұл мәселелер негізінен елді мекендерге ауызсу жүйесін жүргізу мен газ құбырларын тарту, жол жөндеу, мектептер мен балабақша, емханалар мен медпункттер құрылыстарын жүргізу, каналдарды жөндеу бағытында болды. Бүгінгі таңда бақылауға алынған іс-шаралардың ішінен 13-і жүзеге асты, ал қалғандары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Атап айтқанда, Байзақ ауданындағы «Тегістік – Көкбастау», Т.Рысқұлов ауданындағы «Қорағаты – Тәтті», Жуалы ауданындағы Шақпақата және Ынтымақ ауылдары арасындағы жол, Тараз қаласындағы Қарахан баба кесенесіне баратын Төле би даңғылынан Байзақ батыр көшесіне дейінгі жол, республикалық маңыздағы «Меркі – Шу – Бурылбайтал» автожолының Шу ауданына кіреберіс және аудан орталығынан шығатын жолдарын жөндеу жұмыстары өз шешімін тапты. Сондай-ақ, Тараз қаласында каналдарды тазарту, арықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары, Меркі ауданының Ақарал ауылындағы Мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Талас ауданындағы Қаратау қаласының ішкі көшелерін, Мойынқұм ауданындағы «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолын және Т.Рысқұлов ауданының Каменка ауылындағы балабақша құрылысын жүргізу бойынша қаржыландыру мәселесі шешіліп, бүгінде тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі су үнемдеу технологиялары жоспарланған 7 мың гектардың орнына 8,147 мың гектар алқапқа орнатылған. Жұмысқа жарамды азаматтарды әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлерімен қамту тәжірибесін жалғастыру, әлеуметтік көмекті тек мұқтаж азаматтарға беру мәселесі бойынша ағымдағы жылдың 1 қазанына барлығы 19830 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылды (105%). Оның ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға – 3147, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1067, жастар практикасына – 1308, кәсіптік оқытуға 627 адам жолданып, 324 адам микрокредит алған. Сондай-ақ, есепті кезеңге облыста 1649 отбасындағы 8956 адамға 192,2 миллион теңгенің шартты ақшалай көмегі тағайындалды. Көмек тағайындалған отбасыларынан 2074 жұмыс жасындағы азамат әлеуметтік қолдаудың белсенді түрлеріне тартылды, оның 983-і тұрақты жұмыс орындарына, 394-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 421 адам «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» аясындағы жұмыстарға, 120 адам жастар практикасымен қайта даярлау оқуына, 166 адам әлеуметтік жұмыс орындарына қатыстырылды. Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясын құру жұмыстарын белсенді жүргізу мақсатында облыстың 200 сауда нысанында, оның ішінде 10 супермаркет, 17 сауда базары, 173 сауда үйі мен дүкендердегі отандық тауарлар орналасқан сөрелердің жанына «Қазақстанда жасалған» логотиптері орнатылды. Сонымен қатар, «Қазақстандық тауарды таңдағаның – Отандық өндірушіні қолдағаның!» атты баннерлер облыс орталығындағы ірі сауда үйлері, супермаркеттер мен базарлардың кіреберіс қабырғаларына ілініп, ұйымдастырылған іс-шаралар барысы бұқаралық ақпарат құрылдарында кеңінен насихатталды. Облыстық орман қоры аумағын мекендейтін зиянкес жыртқыш аңдардың (қасқыр т.б.) санын реттеу мақсатында 2015 жылға «Жануарлар дүниесін қорғау» облыстық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 5 миллион теңге бөлініп, облыстық уәкілетті органдар тарапынан есепті кезеңге облыс көлемінде 382 зиянкес жыртқыш аң жойылған. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден де 30,2 миллион теңге бөлініп 23218 ит пен мысық ауланып жойылды. Республика көлемінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі №263 бұйрығына сәйкес бастауыш білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен оқу бағдарламаларын сынақтан өткізетін 30 пилоттық мектептер тізіміне Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы мен Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейі енгізілген. Аталған мектептерде 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-сыныптарда жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, жаңартылған мазмұндағы оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілуде. «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен білім беру мазмұнын жаңарту бойынша пилоттық мектептердің педагогикалық қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында 2014-2015 оқу жылында 4 басқарушы мен 12 мұғалімге арналған 5 республикалық оқыту семинарлары өткізілді. Он екі жылдық бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сынақтан өткізудің Adobe Connect бірыңғай онлайн жүйесіндегі ақпараттарымен қамтамасыз ету үшін пилоттық мектептердің информатика пәні мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары жауапты тұлғалар ретінде бекітілді. 2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың барлық бірінші сыныптары жаңартылған білім мазмұнына өтеді, ал екінші сыныптарда апробация жалғасады. Он екі жылдық білім беруді 2021-2022 оқу жылдарына дейін кесте бойынша кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Яғни, еліміздің барлық мектептері 2022 жылдан бастап 12 жылдық оқыту моделіне көшеді деп күтілуде. Жоғарыда атап өтілгендей, облыс әкімінің есебінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және олардың орындалуы жөнінде хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Облыс әкімінің аппараты.

Ұқсас жаңалықтар