Жекеменшік үй 147 миллион долларға сатылды
Нью-Йорк маңында Лонг-Айленд аралындағы жекеменшік үй жылжымайтын мүлік нарығында рекордтық баға - 147 миллион АҚШ долларына сатылды.
Ист-Хэмптон курорттық аумақта орналасқан жекеменшік үй бақ, тоғандарымен қоса алғанда, 7, 3 гектар учаскемен бірге сатылды. Үйдің жаңа қожайыны – JANA Partners хедж-қорының басшысы Барри Розенстин. Розенстиннің бұл саудасы екі апта бұрын белгіленген рекордты басып озды. Онда Коннектикут штаты, Гринвич қаласында Copper Beech Farm аталатын зәулім үй 120 миллион долларға сатылған болатын.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
- 25 ақпан, 2026
Бірлескен бастамаларды қолға алуға дайын
- 23 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




