«Сударушка» халықтық-фольклорлық ансамбліне жергілікті жұртшылықтың құрметі ерекше. Бұл ұжымға жоғары деңгейде өнер көрсеткендері үшін 2004 жылы халықтық атағы берілген болатын. Өнер ұжымы аудан көлемінде өткізіліп жатқан барлық мерекелерге Мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірлесе отырып, өз өнерлерімен көрермен қауымды қуанышқа бөлеп келеді. Ансамбльдің репертуары бай, көптеген ұлттың халық әндері қамтылған. Әрі өнер ұжымы репертуарын ұдайы жаңартып, толықтырып отырады. Ансамбль мүшелері аудан орталығында ғана өнер көрсетіп қоймай, елді мекендерге шығып концерт қоюды да дәстүрге айналдырған. Жыл сайын көрермендер алдында есептік концерттерін беріп отырады. Жуырда өнер ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Қордай ауданында өткен «Жер ұйығым – Жамбылым!» атты фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің облыстық фестиваліне қатысып, әсем әндерімен тыңдармандардың құлақ құрыштарын қандырды. Ең бастысы, халықтық ансамбль халыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді. Содан болар, тыңдарман қауымның «Сударушка» салған әндер-ай!» деген жүрекжарды лебіздерін жиі естиміз.
Жазира Қораласбаева, аудандық Мэлс Өзбеков атындағы Мәдениет үйі әдіскерлер бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




