Енді сені қызғанады жалғыздық
[caption id="attachment_28466" align="alignnone" width="231"]
Нұржан Қадірәлі.[/caption]
Нұржан Қадірәлі.[/caption] Жұбатады көктем мұңдас болған соң, Қанаты жоқ арқамыздан күз қағып. Сен жалғызбын деп жыладың содан соң, Сені сүйгем жалғыздықтан қызғанып.
Тілім бармай саған бақыт тілеуге, Қарғауға да, жоқ уәдеңді бұзған кім? Сен жалғызбын депсің тағы біреуге, Сосын сенен... жалғыздықты қызғандым.
Мен түн жақтан, Сен күн жақтан құлайсың, Біз, себебі, құс қанатты мәңгі үздік. Жалғыздыққа мені қарғап жылайсың, Енді сені қызғанады жалғыздық.
Сен тек мені, маған қостың жолымда, Мен тек сенің таңдарыңа кеш қосам. Біз жалғызбыз, басында да соңында, Ал жалғыздық жалғыз емес ешқашан!
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




