Парижді таңғалдырған Нұрсая

Парижді таңғалдырған Нұрсая
ашық дереккөз
Парижді таңғалдырған Нұрсая

40vizashПарижде Еуразия бойынша қыздар арасында шаш әсемдігі және бетті әрлеу бойынша ашық чемпионат өтті. Осы сұлулық әлемін Жаңатас қаласының тумасы, Абылай хан атындағы орта мектептің түлегі Нұрсая Түсіпбекова бағындырып, өзінің тұла бойындағы бір міні жоқ әсем сымбатымен бас жүлдені жеңіп алды. Франциялықтар алтын шашты, көкшіл көзді, сары алтындай әсем ару Нұрсаяның жүріс-тұрысына таңғалып, еріксіз таңдай қаққан екен. Нұрсая Парижде еліміздің көк Туын көкке көтеріп, қазақ атын әлемге танытты. Ол жеткен жетістігін ата-аналарымен бөлісу үшін Жаңатасқа келген болатын. Назды бойжеткен – Асылкүл мен Шырынханның екінші қызы. «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» демекші, мерейлі жандар отбасымен білім жолын таңдаған десек қателеспеспіз. Өйткені, үлкен әпкесі шетелде білім алып, үздік бітірген. Бірнеше жоғары оқу орындарын тәмамдаған. Бүгінде ол шетелдік компанияларда аудармашы болып қызмет етсе, Нұрсая Малайзияда білімін шыңдап, қазір «Прайм Авиэйшн» әуежол компаниясында аспансерік болып еңбек етуде. Бұл отбасының кіші қызы Шаттық та өнер жолынан кенде емес. Кіші сіңлісі – 24KZ телеарнасында инженер. Жарайсың, Нұрсая! Келбетің мен көркің мінезіңе сай болып, нағыз қазақ қызының қайсарлығын танытып, ел абыройын асқақтата бер демекпіз.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар