Бөлтірік ауылы мен Көшек елді мекенін жалғастыратын жолдың сапасыздығын ауыл тұрғындары жиын сайын айтып, дабыл қағатын. Аудан және облыс басшылары ауыл тұрғындарының өтініш-тілектерін құп алып, 25 шақырымдық жолды ағымды жөндеуден өткізуге 30,5 миллион теңге қаражат бөлуге шешім қабылдаған еді. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізуді «Арайстроймаркет-2003» серіктестігі жыл басында тендер арқылы жеңіп алып, көктем шыға жұмысты бастап кеткен. Уақытпен санаспай еңбек еткен жолшылар бөлінген қаржының 20,6 миллион теңгесін игеріп, сол қаржыға екі ауылдың арасын жалғайтын жолды ағымды жөндеуден өткізді.
– Жолдың сапасы көңілімізден шығып отыр, – деді Кеңес ауылдық округінің әкімі Болатжан Дуанбеков. – Жұртшылықтың аудан басшылығына және жолды жөндеген құрылысшыларға алғысы зор. Сәтін салса, қалған қаржыға ауылдан шығатын жолдың Ұланбел даңғылына дейінгі бөлігін де ағымдағы жөндеуден өткізу жоспары орындалуға таяу.
Жақында құрылыс жұмысының алғашқы кезеңінің аяқталуына орай, аудан әкімі Болат Рысмендиев Бөлтірік ауылында болып, жұртшылықпен жүздесіп, елдің пікірін біліп қайтты. –Алдағы уақытта дағдарысқа қарамастан, елді мекендер аралығындағы облыстық және аудандық мәндегі жолдарды ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу жұмыстары жалғасын таба бермек. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасына сәйкес елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту басты назарымызда болады. Халықтың әл-ауқатын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп аудан басшысы тұрғындардың алаңсыз еңбек етіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өзіндік үлестерін қоса беретініне сенім білдірді. Басқосуда Бөлтірік және Көшек батыр ауылдарының ақсақалдары Ибаділда Үйсінбаев пен Дихан Сейсенбекұлы ел тілегін ескерген азаматтарға алғыстарын айтып, жол азабынан құтылғандарын қуана жеткізді.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол». Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді