«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Тентіреп жүргенше, театрға бар»

«Тентіреп жүргенше,  театрға бар»
ашық дереккөз
«Тентіреп жүргенше, театрға бар»

IMG-20151016-WA0014дейді аудандық жасөспірімдер театрының режиссері Марат Жолдасов 

Ағымдағы жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында аудандар арасынан алғаш рет «Шаңырақ» деп аталатын жасөспірімдер театры құрылып, оның режиссері болып Марат Жолдасов тағайындалған еді. Өзінің еңбек жолын осы шығармашылық ұжымынан бастаған Марат – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мәдениет және тынығу жұмысы» факультетін үздік бітірген маман иесі. «Шаңырақ» шығармашылық ұжымы негізінен аудан орталығындағы орта мектеп оқушыларынан іріктеліп алынғанын айта кету керек. Осы орайда жас та болса өз ісінің маманы Маратпен жұмыс барысының қалай бастау алып жатқандығы, жасөспірімдер театрының аяқалысы туралы аз-кем әңгімелескен едік. – Марат, жуырда ғана Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» атты комедиялық шығармасын әнмен әрлеп, көрерменге ұсындың. Осы қойылымның ерекшелігі мюзиклды қоюшылар кәсіби артистер емес, мектеп оқушылары екендігі. Өзіңнің бірінші қойылымың ойыңнан шықты ма? – Мен осы «Шаңырақ» театрының негізін қалай отырып, «Алғашқы махаббат» атты 3 бөлімді қойылымды шығардым. Оның басты рөлдерін аудан орталығы Сарыкемер ауылының Н.Киікбаев, Ю.Гагарин атындағы және Сарыкемер мектептерінің 8-10 сынып оқушылары сомдап шықты. Туындыдағы жоғары оқу орнын бітіріп келген көрікті бойжеткенге ғашық болған жоғары сынып оқушысының риясыз сезімі ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Жас мұғалім Гүлзаттың рөлін Сарыкемер орта мектебінің 9-сынып оқушысы Индира Жолдасова, бозбала Қанаттың рөлін Н. Киікбаев атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Нұралы Жанұзақов сомдап шықты. Басқа да рөлдерді ойдағыдай орындап шыққан Еркебай Өмірбек, Әбді Әділет, Абай Қаспақов, Сымбат Естаева, Нұрсамал Каналбекқыздарын ерекше айтып өтуге болады. – Балалар мен жасөспірімдер орталығының басшылығы мен ұжымы алғашқы шығармашылық жұмыстарыңа қалай қарады? – Осы қойылым соңында аталмыш орталықтың директоры А.Көкішев арнайы сөз сөйлеп, мюзиклдың қойылуына атсалысқандарға алғысын білдірді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Маңдайлым Базарбаева болса, шығарманың басты кейіпкерлерін сомдаған оқушыларға, жас режиссерге шығармашылық табыс тіледі. Әнмен әрленген қойылым барысында М.Базарбаева жетекшілік ететін «Ән – қазына» үйірмесінің түлектері, республикалық «Жырлайды жүрек» байқауының жүлдегерлері Д.Рахымбердиев, Н.Әбдімәлік, Н.Мұханбет ән мен күйден шашу шашты. «Жыр-терме», «Көркемсөз оқу», «Қолөнер», «Ақындар мектебі» және «Ханшайым» би үйірмелерінің тәрбиеленушілері өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. – Ауданның мектеп оқушыларынан өнерге жақын жастарды осы театрға іріктеу, оларды дайындау жұмыстары қалай жүруде? – Ауданның білім ошақтарында өнерлі де талантты жастарды іріктеп алу оңайға түскен жоқ. «Алғашқы махаббат» қойылымын ауыл тұрғындарының назарына ұсыну ойымызда бар. Бүгінгі таңда мектеп жасындағы оқушы балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өнерге икемі бар жастарды іріктеп алу жұмыстары жүргізілуде. Сәуір-мамыр айларынан бастап аудан орталығындағы Қазақстанның 40 жылдығы, Сарыкемер, Н. Киікбаев атындағы орта мектептерде қойылды. Алдағы уақытта «Алғашқы махаббат» атты комедиялық шығармасын кеңейтіп, 6 көрініс бойынша ауылдарға шығып, көрермендерге ұсынсақ дейміз. Жастар тентіреп жүргенше театрға барғаны жөн. – Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Төле Наржанов, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар