«Гелиос» ЖШС-ында оқу-жаттығу өткізілді

«Гелиос» ЖШС-ында оқу-жаттығу өткізілді
ашық дереккөз
«Гелиос» ЖШС-ында оқу-жаттығу өткізілді
Байзақ ауданына қарасты Ақшолақ ауылының маңында орналасқан «Гелиос» ЖШС-ның нысанында бірлескен оқу-жаттығу өткізілді. Аталған іс-шараға «Гелиос» ЖШС-ның жанармай сақтау қоймасы нысанындағы Жамбыл облысы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының филиалы жасағы, ерікті өрт сөндіру жасағы, Байзақ аудандық №8 өрт сөндіру бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері қатысып, оқу-жаттығу барысында жанармайды сақтау қоймасының өрттің шығуынан, туындаған өртті уақтысында сөндірудің амал-әрекеттерін пайдаланып, қауіп төнген нысаннан зардап шегушілерді дер кезінде қауіпсіз орынға көшіру жүйесі көрсетілді. Жаттығу барысында жаңа заманауи техникалардың әлеуеті, шапшаңдығы, мамандардың біліктілігі сынға түсті. Жалпы іс-шараға 5 техника, оның ішінде, 3 өрт сөндіру автокөлігі, 1 автосаты көлігі, сонымен қатар, 22 адамнан құралған жеке құрам күші жұмылдырылды.

Нұрғазы Әмірхан, облыстық «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының бас маманы.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар