«Гелиос» ЖШС-ында оқу-жаттығу өткізілді
Байзақ ауданына қарасты Ақшолақ ауылының маңында орналасқан «Гелиос» ЖШС-ның нысанында бірлескен оқу-жаттығу өткізілді. Аталған іс-шараға «Гелиос» ЖШС-ның жанармай сақтау қоймасы нысанындағы Жамбыл облысы «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының филиалы жасағы, ерікті өрт сөндіру жасағы, Байзақ аудандық №8 өрт сөндіру бөлімі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері қатысып, оқу-жаттығу барысында жанармайды сақтау қоймасының өрттің шығуынан, туындаған өртті уақтысында сөндірудің амал-әрекеттерін пайдаланып, қауіп төнген нысаннан зардап шегушілерді дер кезінде қауіпсіз орынға көшіру жүйесі көрсетілді. Жаттығу барысында жаңа заманауи техникалардың әлеуеті, шапшаңдығы, мамандардың біліктілігі сынға түсті.
Жалпы іс-шараға 5 техника, оның ішінде, 3 өрт сөндіру автокөлігі, 1 автосаты көлігі, сонымен қатар, 22 адамнан құралған жеке құрам күші жұмылдырылды.
Нұрғазы Әмірхан, облыстық «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамы филиалының бас маманы.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Сиыр соямын деп ауру жұқтырып алған
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




